Солтүстік Қазақстандағы астық өнімділігіне метеорологиялық жағдайлардың әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v70.i3.05Кілттік сөздер:
жаздық бидай өнімділігі, ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері, корреляция коэффиценті.Аннотация
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін астық шаруашылығына өзгеріп жатқан климаттың әсерін зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мақала климаттың жаһандық жылынуы жағдайындағы дәнді дақылдардың, атап айтқанда, жаздық бидайдың өнімділігіне әсер ететін табиғи-климаттық факторларды зерттеуге арналған. Жұмыста Қазақстанның солтүстік өңіріндегі 1975-2020 жылдар аралығындағы жаздық бидай өнімділігі, орташа ауа температурасы және жауын-шашынның мөлшері мәліметтері қолданылып, метеорологиялық параметр мен өнімділік арасында корреляциялық байланыс анықталды. Нәтижесінде өнімділіктің күрт төмендеуінің себептері дәнді дақылдардың вегетациялық кезеңдегі қатты және тұрақты құрғақшылықпен, сондай-ақ қатал ауа райы жағдайларымен байланысты екендігі анықталды. Ал өнімділік максимумдары астық өнімдеріне ең шешуші кезеңдердегі қолайлы гидротермиялық режиммен және оңтайлы ылғал қамтамасыздықпен түсіндіріледі. Жаздық бидайдың өнімділігіне негізгі агрометеорологиялық факторлардың әсерін талдау, жаздық бидай өнімділігі мен жауын-шашын суммасы арасындағы тығыз байланыс бар екендігін көрсетті және ол өнімділік үшін маңызды болып табылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне ішкі факторлар да, табиғи-климаттық факторлар да әсер ететіні белгілі. Бұл мақалада дәнді дақылдардың өнімділігіне айтарлықтай әсер ететін климаттық факторлардың әсері қарастырылды.
Нәтижесінде еліміздің солтүстігінде жаздық бидайдың өсіп-жетілуіне соңғы жылдардағы ауа температурасы қолайлы екендігі, сонымен қатар жақсы өнімділік болуы үшін көбірек әсерді жауын-шашын мөлшері беретіндігі анықталды. Жалпы солтүстік Қазақстан өңірі бойынша ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары болса, керісінше жағдайды Қостанай облысының мәндері көрсетті. Жаздық бидайдың өнімділігіне тек ауа температурасының төмен мәндері ғана емес, жоғары мәндері да кері әсерін тигізетіндігі анықталды. Өнімділік пен ауа температурасы арасындағы өзара байланыс өте әлсіз теріс корреляцияны (r=-0,3) көрсетсе, жауын-шашын суммасымен айтарлықтай оң корреляциялық байланыс (r=0,6) бар екені анықталды.