ҚАЗАҚ-ОРЫС ШЕКАРАЛАС АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ТҮРКІ ТОПОНИМДЕРІ: ИНВЕНТАРИЗАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v67.i4.04Кілттік сөздер:
топонимдер, инвентаризация, ойконимдер, гидронимдер, оронимдер, геоақпараттық жүйелерАннотация
Мақала Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекаралас аймағындағы түркі текті топонимдерді түгендеуге және жіктеуге арналған. Осы жумыстын негізгі міндеті – Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекаралас 12 әкімшілік субъектілерінің географиялық атауларының бастапқы жинағы. Атауларды түгендеу 1:1 000 000 масштабтағы топографиялық карталарды, сонымен қатар әртүрлі қор, анықтамалық отандық және шетелдік дереккөздерді пайдалана отырып жүргізілді. Топонимдер көптеген ғасырлар бойы осы аймақтарда орын алған тарихи, саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, этностардың қоныстануының тарихи кезеңдерін, аймақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Түгендеу және жүйелеу нәтижесінде топонимдердің үш негізгі тобы анықталды: ойконимдер (елді мекен атаулары), гидронимдер (су объектілерінің атаулары) және оронимдер (жер бетінің кез келген элементінің атаулары: таулар, жоталар, жазықтар, шатқалдар., т.б.).
Түгендеу нәтижесінде Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекаралас аймағында түркі текті болуы мүмкін 1237 сақталған топонимдер, оның ішінде 647 ойконим, 41 ороним, 549 гидроним (359 өзен, 190 көл атаулары) анықталды. Анықталған топонимдер негізінде геоақпараттық бағдарламаны пайдалана отырып, олардың орналасқан жерін көрнекі түрде көрсетуге, жинақтау орындарын және басқа да белгілерін анықтауға мүмкіндік беретін картографиялық материал жасалды. Дегенмен, ұзақ даму тарихы бар топонимдердің көпшілігі үлкен транслитерациялық бұрмалануларға ұшыраған, сондықтан терең зерттеуді, мұқият өңдеуді қажет етеді, өйткені әрбір географиялық атау кездейсоқ пайда болған жоқ және тарихи құндылыққа ие.