БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰРЫНҒЫ АЗҒЫР СЫНАҚ ПОЛИГОНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫНЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Д.С. Ахметжанова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5879-5764
  • М.А. Севериненко Ядролық физика институты, Алматы, Қазақстан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3363-9575
  • В.Н. Глущенко Ядролық физика институты, Алматы, Қазақстан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4460-7835
  • Д.А. Байсейтов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6913-1549
  • В.А. Макарова Ядролық физика институты, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3615-141X
  • У.П. Козтаева Ядролық физика институты, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3150-102X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v69.i2.10
        295 203

Кілттік сөздер:

жерасты сулары, жерасты ядролық қуыстары, радионуклидтер, ауыр металдар, ауыр металдармен ластану индексі, Азғыр сынақ полигоны.

Аннотация

Азғыр полигоны Қазақстанның радиациялық қауіпті нысандарының бірі болып табылады. 1966-1979 жылдар аралығында полигонда зерттеу мақсатында жер астында әртүрлі мақсаттағы қуыстар жасау технологиясын пысықтау үшін 17 жерасты ядролық жарылыстары (ЖЯЖ) жүзеге асырылды.

Мақалада 2021 жылы жаңа бақылау ұңғымаларын бұрғылағаннан кейін алынған жаңа деректерді ескере отырып, "Азғыр" полигонының жер асты суларының микроэлементтік және радионуклидтік құрамын зерттеу нәтижелері берілген. Зерттелетін ұңғымалар мен құдықтардың суындағы жасанды радионуклидтердің үлестік белсенділігінің мәні фондық деңгейде және полигондағы радиоэкологиялық мониторингтің көп жылдық деректерімен салыстырмалы түрде көрсетілген, бұл қазіргі уақытта жерасты ядролық қуыстарынан радионуклидтердің миграциялық процестерінің жоқтығын көрсетеді. Полигонның жер асты суларының оқшау жинағы Батыс және Шығыс Азғыр тұз күмбездері арасында орналасқан «Ужунтатор» мульдасы болып табылады. Полигонның жер асты сулары да бөлек-бөлек линзалар түрінде орналасқан.

Ауыр металдармен ластану индексін (HPI) пайдалана отырып, судағы ауыр металдардың құрамы бойынша бақылау ұңғымалары мен құдықтардан алынған сулардың уыттылығын бағалау ұсынылған. Жер асты суларындағы химиялық элементтердің үстемдігі Fe>Mn>Ni>Cr>Co>Mo>Cu>Zn тәртібінде орнатылған. Нәтижесінде бұл сулардың ауыз суы мақсатында пайдалануға жарамсыздығы туралы тұжырымдар расталды. HPI индексінің мәні ауыз су үшін сыни мәннен 72,6 есеге дейін асып түседі, бұл жер асты суларының гидрогеологиялық жағдайларына байланысты.

Зерттеу «Ядролық физика институты» РМК Кешенді экологиялық зерттеулер орталығының базасында жүргізілді.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-06-20

Как цитировать

Ахметжанова, Д. ., Севериненко, М. ., Глущенко, В. ., Байсейтов, Д. ., Макарова, В. ., & Козтаева, У. . (2023). БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰРЫНҒЫ АЗҒЫР СЫНАҚ ПОЛИГОНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫНЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН БАҒАЛАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 69(2). https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v69.i2.10