ГАЖ технологияларын пайдалана отырып, Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ құнарлылығын бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v69.i2.04Кілттік сөздер:
топырақ құнарлығы, ГАЖ, Алматы облысы, ауылшаруашылық алқаптары, топырақты бағалау.Аннотация
Стратегиялық маңызды және таптырмас экономикалық ресурс бола отырып, бүгінде ауыл шаруашылығы алқаптары агроөнеркәсіптік кешен үшін шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Бұл ерекшеліктер мемлекет пен жер пайдаланушыларға жердің осы санатының негізгі құндылығы - оның құнарлылығын сақтау бойынша белгілі бір міндеттемелер жүктейді. Алматы облысының еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды орын алатынын ескерсек, аумақтағы халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің құнарлығын сақтап тиімді пайдалану әрқашанда өзекті мәселе болып қала бермек.
Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануды азайту теріс процестерге әкелуі мүмкін және болашақта құнарлылықтың төмендеуіне, ауылшаруашылық жерлерін қарқынды ауылшаруашылық айналымынан шығаруға ықпал етеді. Мақалада ГАЖ технологиясын пайдалана отырып, топырақты цифрлық картаға түсірудің жаһандық жүйесі негізінде Алматы облысының ауыл шаруашылығы алқаптары топырағының жай-күйіне баға берілді, сондай-ақ өңірдегі ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалануды жақсарту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, топырақ тығыздығының дәрежесі, топырақтағы органикалық көміртектің мөлшері, қышқылдығы және осы аумақтағы қара топырақтың таралу сипаттамалары карталары ГАЖ технологияларын қолдана отырып және цифрлық рельеф моделінің деректері негізінде әзірленді, нәтижесінде облыс ауданының жерлері үш топқа жіктеліп, жердің үлес салмағының динамикасы ұсынылды.