ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ШЕКАРА МАҢЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫМЕН ШЕКАРАЛАС ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v67.i4.01Кілттік сөздер:
экономикалық интеграция, шекара маңындағы аймақтар, экономикалық-географиялық талдау, жиынтық-баллдық бағалау.Аннотация
Ұсынылған мақалада Қазақстанның солтүстік шекара маңындағы аймақтары мен олармен шектес Ресей Федерациясының ұлттық шаруашылық салаларының экономикалық интеграция үдерістерін зерттеуге арналған.
Зерттеудің осы бағыты еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың қазіргі сатысында аса өзекті болып келеді, себебі кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте қазіргі кезде қалыптасқан геосаяси және геоэкономикалық ахуал әрі қарай оңтайлы және тиімді даму жолын таңдау үшін шекаралық аймақтардың экономикалық интеграция үдерістерінің тиімділігін анықтау мен қайта түсінуді талап етеді.
Осыған орай, мақалада Қостанай, Павлодар және Солтүстік-Қазақстан облыстарының Ресеймен көршілес орналасқан шаруашылық салаларының субъектілері арасындағы экономикалық интеграция үдерістерін экономикалық-географиялық тұрғыдан талдау әрекеті жасалынды. Оның барысында әртүрлі экономикалық және географиялық көрсеткіштердің негізінде экономикалық интеграция дәрежесінің жиынтық-баллдық бағалауы жүзеге асырылды. Интеграцияның индикаторлар жүйесіне статистикалық мағлұматтар негізінде есептелген макроэкономикалық және экономикалық-географиялық параметрлер енгізілді. Қолданылған көрсеткіштерді әрқашанда салыстыруға бола бермейтіні және әрбір параметр бойынша интеграцияның бейнесі әртүрлі болуы мүмкін екенідігі ескеріліп, экономикалық интеграцияның деңгейін тиімділігін бағалау үшін есептелген көрсеткіштерге сәйкесті ұпайлар тағайындалды.
Осы жұмыстың негізгі нәтижесі ретінде Қазақстанның солтүстік шекара маңындағы аймақтарды экономикалық интеграция дәрежесіне қарай рангтерге бөлу және ГАЖ-технологиялардың қолданылауымен экономикалық интеграцияның жиынтық-баллдық бағалау картасының құрастырылуы болып табылады.