Халықаралық Алматы әуежайы бойынша әуе кеме дірілінің қайталанушылығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v68.i1.07Кілттік сөздер:
атмосфералық турбуленттілік, діріл, дірілдің қайталанушылығы, аэрологиялық диаграмма, биіктік, ауа температурасы, бұлттылық, дірілдің қарқындылығы.Аннотация
Ауа - бөлшектердің қозғалысы әдетте ретсіз немесе турбулентті сипатта болатын өте жылжымалы орта. Турбуленттілік (латынша «турбо» сөзінен аударғанда құйындалу, иірім дегенді білдіреді) - бұл атмосфераның түрлі өлшемінде құйын мен желдің көлденең және тік жарықтары пайда бола алатын жай-күйі. Атмосфералық турбуленттіліктің ұшақтың ұшуына әсері көлденең ұшу режимінің күрт және кенеттен өзгерістерінде көрінеді. Турбуленттіліктің әсері салдарынан ұшу режимінің күрт және кенеттен өзгеруін әдетте «діріл» немесе рема деп атайды. Діріл атмосфераның физикалық жағдайына, жыл уақытына, тәулік уақытына, жергілікті жердің биіктігіне, оның орографиялық ерекшеліктеріне және метеорологиялық жағдайларға байланысты. Мақалада 2015-2019 жылдар аралығындағы дірілдің Алматы қаласы әуежайы бойынша таралу ерекшеліктері мен оның метеорологиялық параметрлермен байланысын анықтау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, қарастырылған стандартты 960-110 гПа деңгейлердегі дірілдің қайталанушылығының максимумы жылдың суық кезеңіне сай және ең көп ұшу-қону биіктігінде кездесетіні көрсетілді. Ауа температурасы мен дірілдің байланысына келетін болсақ, діріл көбінесе -4°С пен 0°С температура аралығында болатындығы анықталды. Сондай-ақ, дірілдің қайтанушылығы көбінесе бұлтсыз жағдайларда сәйкес келетіні анықталды, яғни жалпы жағдай cаны 439-ға (00 сағат) және 609 (12 сағат) тең, сәйкесінше қайталанушылығы 61 және 84%-ды құрайды. Діріл мен бұлттылықтың байланысын зерттеу барысында дiрiл тек 3 түрлi бұлттылық кезiнде, яғни Ci, Ac және Sc болатындығы тіркелді. Зерттеу нәтижелерін азаматтық авиация, әскери авиация салаларында кеңінен қолдануға болады.