ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЕСІЛ ӨЗЕНІНІҢ СУ БАСУ АЙМАҒЫН ГЕОАҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v69.i2.06Кілттік сөздер:
картаға түсіру, үлгілеу, ГАЖ, қашықтықтан зондтау деректері, жер бедері сандық үлгісі, өзен аңғары, су тасқыны.Аннотация
Мақалада гидрологиялық мәліметтер жеткіліксіз болған кезде өзен аңғары учаскесін Геоақпараттық үлгілеу әдістемесі келтірілген. Әдістеме іргелес аумақтарды тасқын сулармен су басудың алдын алу мақсатында гидрологиялық құбылыстардың болжамын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зерттеу Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерін қолдануға және Геоақпараттық технологияларды (ГАЖ) пайдалануға негізделген. Жасалған жұмыстың реттілігі қысқаша баяндалған. Зерттеу Петропавл қаласы маңындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы) Есіл өзені аңғары учаскесінің мысалында жүргізілді. ЖҚЗ материалдары мен ГАЖ-технологиялар негізінде өзен аңғарының зерттелетін учаскесінің жер бедерінің сандық үлгісі әзірленді. Бастапқы деректер ретінде SRTM (Shuttle Radar Topography Mission) суреттері алынды. Іргелес аумақтарды тасқын сулармен су басу мүмкіндігінің сценарийін үлгілеу орындалды. Жоғары деңгей кезіндегі су тасқыны картасын улгілеу және құрастыру жүргізілді. Су тасқыны кезеңіндегі өзеннің гидрологиялық сипаттамаларын есептеу процедурасын жасамастан және гидрометриялық бақылаулар деректерінің болмауына қарамастан су басу шекараларын дәлірек бағалауға мүмкіндік беретін тәсіл ұсынылды. Су тасқыны құбылыстарының алдын алу бойынша ұсыныстар, іргелес аймақтарды ықтимал су тасқынынан қорғау шаралары ұсынылды. Алынған картографиялық материалдар өзендегі су тасқыны құбылыстарымен байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу, іргелес аймақтардың су басу қаупін азайту, аумақтық жобалау бойынша іс-шараларды жоспарлау және жүргізу үшін пайдалы болуы мүмкін.