СЕЙСМИКАЛЫҚ ӘСЕРДІ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП GEO5 КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМА КӨМЕГІМЕН КӨК–ТӨБЕ ТАУЫНДАҒЫ ЖЫЛЖЫМА БЕТКЕЙДІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТІН ЕСЕПТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v67.i4.06
        104 194

Кілттік сөздер:

қауіпті геологиялық процесстер, қала аумағы, жылжыма, беткей тұрақтылығын естептеу.

Аннотация

Қазіргі заманғы қауіпті геологиялық процесстер тұрғындардың өмір сүру қауіпсіздігін, таулы және тауалды аудандардағы өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстың ерекшеліктерін, осы аудандардың тұрақты экономикалық дамуын анықтайтын инженерлік-геологиялық жағдайлардың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Мұндай процестердің қарқынды дамуы, оның белсенділігі, әртүрлі инженерлік құрылыстарды салу мен пайдалануда айтарлықтай қиындық тудырады, халықтың қауіпсіз өмір сүруіне қауіп төндіреді және тиісті профилактикалық және қорғаныс шараларын жүзеге асыруды талап етеді. Жылжымаға қарсы іс-шараларды жобалау мен тұрақсыз беткейлерде құрылыстарды салу кезінде немесе жыра мен құламалардың ернеулерінің механизмдерінің бөлінуі кезінде жердің көлбеу бетінің тұрақтылық дәрежесін бағалау жұмысынан бастау қажет. Мұндай бағалау жердің көлбеу бетіндегі топырақ массивінің ығысу күштеріне тежеу күштерінің қатынасымен сипаталатын беткейдің тұрақтылық коэффициентін есептеумен жүзеге асады. Зерттеу жұмысы - Алматы қаласындағы эксперименттік участке ретінде - Көктөбе таулы беткейінде жүргізілді. Табиғи және сейсмикалық әсердің жағдайын есепке ала отырып, «GEO5» бағдарламасы арқылы беткейдің тұрақтылық коэффициенті есептелді. Есептеу нәтижесінде беткейдің тұрақтылығына әсер етуші қолайсыз факторлар мен қауіп-қатерлер анықталып, осыған қатысты іс-шаралар ұсынылды.

Авторлардың биографисы

А. Жақып, Satbayev University, Қазақстан, Алматы қ.

техника ғылымдарының магистрі

В. Мирлас, Ариэль университеті, Израиль, Ариэль қ.

Ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD) геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, PhD докторы
Ғылыми атағы (доцент, профессор)профессор

Е. Әуелхан, Satbayev University, Қазақстан, Алматы қ.

Ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD) PhD докторы
Ғылыми атағы (доцент, профессор) "Гидрогеология, инженерлік және мұнай-газ геологиясы"кафедрасының қауымдастырылған профессоры

М. Заппаров, Satbayev University, Қазақстан, Алматы қ.

Ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD ) геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғылыми атағы (доцент, профессор) "Гидрогеология, инженерлік және мұнай-газ геологиясы"кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Жүктелулер

Жарияланды

2022-12-26

Как цитировать

Жақып, А., Мирлас, В., Әуелхан, Е., Заппаров, М., & Кулбекова, Ш. (2022). СЕЙСМИКАЛЫҚ ӘСЕРДІ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП GEO5 КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМА КӨМЕГІМЕН КӨК–ТӨБЕ ТАУЫНДАҒЫ ЖЫЛЖЫМА БЕТКЕЙДІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТІН ЕСЕПТЕУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 67(4). https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v67.i4.06