ЖҚЗ ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ МҰЗДЫҚТАР АУДАНЫНЫҢ ӨЗГЕРУІН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • А. Калдыбаев «ИОНОСФЕРА ИНСТИТУТЫ» ЕЖШС, Қaзaқстaн, Алмaты қ. https://orcid.org/0000-0002-0563-282X
  • Chen Yaning Шөлдер мен оазистер экологиясының мемлекеттік негізгі зертханасы, Қытай Ғылым Академиясының Шыңжаң экология және география институты, Қытай, Үрімші қ. https://orcid.org/0000-0003-4631-2985

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v66.i3.01
        142 187

Кілттік сөздер:

Жетісу Алатауы, климаттың өзгеруі, мұздықтардың қысқаруы, мұздықтарды картаға түсіру, тау мұздықтары, қашықтықтан зондтау

Аннотация

Landsat TM/ETM+ және OLI деректерін талдау негізінде 1956-2001, 2001-2012 және 2012-16 жылдар кезеңдері ішінде Жетісу Алатауының солтүстік бөлігіндегі Ақсу-Биен және Лепсі-Басқан өзендері бассейндеріндегі мұздықтардың өзгерістері зерттелді.  2001 жылы жалпы ауданы 197.2 км2 болатын 245 мұздық анықталды, 2016 жылға қарай олардың жалпы ауданы 165.5 км2 болатын 232 мұздыққа дейін азайды, бұл 31,7 км2-ге аз, яғни 15 жыл ішінде жылына 1%-ға қысқарған. Сонымен қатар, мұздықтар ауданының қысқару жылдамдығын олардың орташа мөлшері, биіктігі мен орналасу аспектісіндегі айырмашылықтары, сондай-ақ бес бассейннің (Биен, Ақсу, Сарқан, Басқан, Лепсі) басқа да  топографиялық параметрлері негізінде талданды, мұнда мұздықтардың азаюы 14,9% - дан 17,5% - ға дейін өзгерді.  Мұздықтардың мұндай жоғары жылдамдықта қысқаруы жалпы температураның көтерілу үрдісімен және орташа көлемі шағын мұздықтардың Жетісу Алатауының сыртқы жоталарының салыстырмалы түрде төмен биіктіктерінде орналасуымен байланысты болуы ықтимал. Алайда, біздің зерттеулеріміздің нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы аумақты зерттеген басқа авторлардың жұмыстары бойынша Жетісу Алатауының солтүстік бөлігіндегі мұздықтар ауданының басқа аумақтармен салыстырғанда қысқару жылдамдығы төмен. Ақсу-Биен және Лепсі-Басқан өзендері бассейнінің мұз басқан аудандары мұздану үшін неғұрлым қолайлы жағдайларда орналасқан – бұл басқа бассейндерге қарағанда мұздықтарының орташа көлемі басқа бөліктеріндегі мұздықтарының орташа көлемінен неғұрлым үлкен екендігі расталды, нәтижесінде Жетісу Алатауының 1956 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі басқа мұз басқан аудандарына қарағанда солтүстік бөлігінде мұздықтар ауданының қысқару жылдамдығы аз екендігін көрсетті деген қорытындыға келдік.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-09-30

Как цитировать

Калдыбаев, А., & Yaning, C. . (2022). ЖҚЗ ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ МҰЗДЫҚТАР АУДАНЫНЫҢ ӨЗГЕРУІН БАҒАЛАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 66(3), 4–16. https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v66.i3.01

Шығарылым

Бөлім

Геодезия және картография