ЖЕМ ЖӘНЕ ОЙЫЛ ӨЗЕНДЕРІ АҒЫНДЫЛАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v66.i3.03Кілттік сөздер:
Жем, Ойыл, өзен ағындысының өзгеруі, ауа температурасы, жауын-шашын, күзгі ылғалдану, шаруашылық әрекетАннотация
Мақалада Жем, Ойыл өзендері ағындыларының өзгеру тенденцияларының нәтижелері мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭГТРМ) су саласының ғалым-мамандарының басшылығымен өзен алаптарының экологиялық жағдайын бағалау мақсатында өзен алаптары аймақтарына өткізілген 2021 жылғы экспедициялық іс-сапарларының нәтижелері көрсетілген. Жұмыстың негізгі мақсаты – Жем және Ойыл өзендері ағынының өзгеру үрдісін бағалау. Осы мәселелерді анықтау мақсатында қарастырылып отырған аймақтардағы өзен ағындыларының қалыптасуына ықпал ететін негізгі метеорологиялық факторлардың өзгеру динамикасы қарастырылады: қыс кезеңіндегі жауын-шашын, топырақтың күзгі ылғалдануы, ауаның орташа жылдық температурасы және өзен ағынына антропогендік әсері. Ағынды өзгеруін генетикалық талдау әдісімен бағалауды нәтижесінде 1950 жылдардан бастап өзен алаптарында ағынды суару үшін бөгеттер жүйесінің пайда болуымен экономикалық қызметтің әсерінен туындаған ағындының бұзылуы анықталды. Нәтижесінде, метеорологиялық факторлар мен шаруашылық әрекеттің әсер ету кезеңдері анықталғаннан кейін, Жем және Ойыл өзен алаптары су ресурстарының өзгеруінің сәйкесінше негізгі 3 кезеңі анықталды: шартты-табиғи кезең (1935-1950 жж.), шаруашылық әрекеттің әсер ету кезеңі (1951-1975 жж.) және шаруашылық әрекет пен климаттық факторлардың өзгеруі әсерінің жиынтық кезеңі (1976-2019 жж.). Шартты-табиғи кезеңмен салыстырғанда шаруашылық қызмет әрекетінің және климаттық факторлардың өзгеруінің жиынтық кезеңінде Жем өзенінің ағыны 49 %-ға, Ойыл өзенінің ағыны 26 %-ға төмендегені анықталды.