Экстремалды суық және экстремалды жылы айларда Балқаш көлінде мұздың қалыптасу ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v69.i2.08Кілттік сөздер:
мұз қалыптасуы, мұз қалныдығы, мұз жамылғысы, экстремалды суық айлары, экстремалды жылы айларыАннотация
Бұл мақалада Балқаш көлінің экстремалды суық және экстремалды жылы айладра мұздың қалыптасу мәселелері қарастырылады. Қарашаның орташа айлық ауа температурасы мен алғашқы мұздың пайда болуы және мұз жамылғысының орнауы мерзімдері арасында тығыз байланыс анықталды. Қараша айы үшін Багров-Токарев аномалия өлшемі есептелді және 2000 жылдардан бастап экстремалды жылдар анықталды. Мұз құбылыстарының орташа күндері 1971‑2018 жылдар аралығында есептелді. Осы жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі мұздың пайда болу ерекшеліктері талданды. Мұз құбылыстарының белгілі бір түрлері бар күндер саны есептелді және гистограмма түрінде ұсынылған. Мұз қалыптасуының әр түрлері мен формалары (алғашқы мұз түрлері, толық мұз жамылғысы, мұздың қозғалысы) экстремалды суық және экстремалды жылы айларда мұз жамылғысы орнау мерзімі дейін талдануы өте маңызды. Мұз қалыңдығының көл аквтароиясы бойныша таралу карталары салынды. Алғашқы мұздың пайда болу және мұз жамылғысың орнауы экстремалды суық және экстремалды жылы жылдардағы орташа мерзімдерден ауытқуы (күндер саны) табылды.
Деректер көзі гидрологиялық жылнамалардан алынған ақпарат, ауаның орташа айлық температурасы, Еуропалық орталықтың CDS COPERNICUS климаттық базасынан алынған реанализ ақпараты болды.