АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАБИҒИ МҰРА ОБЪЕКТІСІНЕ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ТАБИҒАТҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МОДЕЛІН ҰСЫНУ

Авторлар

  • И. Акбар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0001-5531-4179
  • З. Мырзалиева Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0002-6919-0995
  • А. Тажекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ. https://orcid.org/0000-0001-8812-9738
  • К. Арыстанова Орталық Азия инновациялық университеті, Қазақстан, Шымкент
  • А. Сәулембаев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0002-7843-5392

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v66.i3.06
        108 79

Кілттік сөздер:

Қауымдастық негізіндегі экотуризм; модель; Ақсу-Жабағылы; дүниежүзілік табиғи мұра объектісі; Қазақстан.

Аннотация

Бұл зерттеу үлгі ретінде Ақсу-Жабағылы дүниежүзілік табиғи мұра объектісін (NWHS) пайдалана отырып, қауымдастық негізіндегі экотуризм (CBET) моделін зерттейді. Мақсат – далалық бақылауды, сараптаманы, бағалауды және экотуризм үлгілерін ел аралық салыстыруды қолдану арқылы Ақсу-Жабғылы табиғат негізіндегі туризм бағыттары үшін қолайлы CBET моделін ұсыну. Зерттеу шетелдік табысты CBET үлгілерін талдау және оларды қазақстандық үлгілермен салыстыру арқылы Ақсу-Жабағылы дүниежүзілік табиғи мұра объектісі үшін CBET моделіне арналған стратегиялық ұсыныстарды анықтайды. Нәтижелерден табыс әкелу және жұмыс орындарын құру, қауымдастықты дамыту үшін туризм кірісін бөлу және табиғи ресурстарды қорғау таңдалған шетелдік CBET үлгілерінің артықшылығы болып табылады деген қорытындылаймыз. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымының жоғары сапасы, бұқаралық ақпарат құралдарын жиі пайдалану, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту, табиғатты қорғау Ақсу-Жабағылы туризмінің негізгі оң нәтижесі болып табылады. Модельді салыстыру нәтижелері көрсеткендей, шетелдік модельдер Ақсу-Жабағылыға қарағанда туризмнің тұрақты дамуындағы талаптарға (жоғары өкілеттілік, қауымдастықтың қатысу деңгейі, кірісті бөлу, туризм маркетингі, қызметкерлерді оқыту бағдарламасы, қызмет көрсету және туристік нысандардың сапасы) көбірек сәйкес келеді. Соңында, мақалада экономикалық даму, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет пен мұра, маркетинг пен имидж, қолайлы саяси орта және тұрғындардың мүмкіндіктерін кеңейту Ақсу-Жабағылы туристік бағытында CBET-дің тұрақты дамуын тиімді жүзеге асыру үшін басты қажеттілік болып табылады деп ұсынады.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-09-30

Как цитировать

Акбар I., Мырзалиева Z., Тажекова A., Арыстанова K., & Сәулембаев A. (2022). АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАБИҒИ МҰРА ОБЪЕКТІСІНЕ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ТАБИҒАТҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МОДЕЛІН ҰСЫНУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 66(3), 66–76. https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v66.i3.06

Шығарылым

Бөлім

Рекреациялық география және туризм