Қазақстанның Солтүстік өңіріндегі жылы мезгілдегі жауын-шашынның маусымдық статистикалық құрылымы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v65.i2.05
        82 123

Кілттік сөздер:

жауын-шашын, тенденция, тренд, орташа квадраттық ауытқу, асимметрия, эксцесс, көктем, жаздың 1-ші жартысы, жаздың 2-ші жартысы.

Аннотация

Атмосфералық жауын-шашын көптеген салаларға, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, экономика, құрылыс, энергетика, мұнай-газ өндірістеріне өз әсерін тигізетіндіктен, жауын-шашынның өзгеру тенденцияларын, маусымдық аномалияларын анықтау және жaуын-шaшынның мөлшeрі турaлы сeнімді мəлімeттeрді алу ұзaқ мeрзімді aуa рaйын құрaстыруғa өтe қaжeтті болып табылады. Сол мақсатта бұл мақалада 1950-2020 жылдар аралығындағы Солтүстік Қазақстандағы Астана, Атбасар, Көкшетау, Қостанай, Петропавл және Павлодар метеорологиялық станцияларында жылы мезгілдегі жауын-шашынның маусымдық өзгеру тенденциясы анықталып, негізгі статистикалық сипаттамалары есептелді. Зерттеу барысында Қазақстанның солтүстік өңірінде 1950-2020 жылдар аралығында жауын-шашынның жылы мерзімдегі мөлшерінің өсу тенденциясы әр 10 жылда 0,2-11,2 мм жылдамдықпен өсіп отырған. Жауын-шашынның жылы мезгілдегі максималды мөлшері қарастырылып отырған станцияларда 60-208 мм аралығында өзгеріп, шілде және тамыз айларында  тіркелген. Жауын-шашынның минималды мөлшері 0,2-21 мм аралығында өзгеріп, көбінесе сәуір және қыркүйек айларында байқалады. Жаздың 1-ші және 2-ші жартысында жауын-шашын мөлшерінің өсу тенденциясы қарастырылған станциялардың ішінде Павлодар станциясында жоғары (α=6 мм/10 жыл) болған. Статистикалық құрылымын зерттеу барысында, Қазақстанның солтүстігінде көктемде тек Атбасар станциясында, жаздың 1-ші жартысында Атбасар және Павлодар станциясында, жаздың 2-ші жартысында Атбасар, Петропавл және Павлодар станцияларында эксцесс коэффициенті мәні критикалық мәннен жоғары байқалған.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-07-15

Как цитировать

Ашимакын, А., & Жексенбаева, А. (2022). Қазақстанның Солтүстік өңіріндегі жылы мезгілдегі жауын-шашынның маусымдық статистикалық құрылымы. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 65(2), 55–63. https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v65.i2.05

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология