Қазақстанның геоэкономикалық әлеуеті - мемлекеттің қауіпсіздігі мен дамуының негізі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v64.i1.04Кілттік сөздер:
мемлекет, ұлттық байлық, салыстырмалы артықшылықтар, табиғи ресурс, экономикалық тәуелсіздік, инвестиция, транзиттік әлеует, интеграция.Аннотация
Бұл мақалада мемлекет және оның пайда болуының тарихи-географиялық және әлеуметтіксаяси үдерістері қарастырылып, адамзат тарихында өмір сүрген ертедегі мемлекеттер мысал ретінде айтылады. Сондай-ақ мемлекеттің саяси тәуелсіздігінің баянды болуындағы факторлардың ішінде экономикалық даму факторының маңызы ерекше дәріптеледі. Осы тұрғыда егеменді
Қазақстанның экономикалық тәуелсіздік мәселесі еліміздің нарықтық қатынастарға өткеннен кейінгі халықаралық геоэкономикалық жүйедегі басқа елдермен салыстырғандағы салыстырмалы артықшылықтары негізінде қарастырылады. Салыстырмалы артықшылықтың негізі – елдердің
географиялық орналасуы, табиғи-ресурстық әлеуеті, экономикалық, көліктік және әлеуметтік, техникалық салалардағы дамуы арқылы өлшенеді. Оған сонымен қатар экономикалық және саяси-мәдени интеграциялық үдерістердің дамуы да әсер етеді. Атап айтқанда, Қазақстан үшін Еуразияның орталығында орналасуы; үлкен табиғи аумақтар және энергетикалық, жер, топырақ, су, орман, биологиялық, минералдық, климаттық және рекреациялық ресурстарды қамтитын
табиғи ресурстық әлеуетінің болуы; батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті жалғастыратын транзиттік әлеуеті; Кеңес Одағы кезінде іргесі қаланған кәсіпорындардың болуы; халықтың жаппай сауаттылығы, жоғары білікті азаматтардың болуы; тәуелсіздік жылдары қалыптастырған халықаралық қарым-қатынастары; жағымды инвестициялық ортасы және т.б. факторлар экономикасын дамытудағы тиімді фактор саналып, саясии тәуелсіздік үшін маңызды рөл
атқаратындығы мақалада көрініс тапқан. Сонымен қатар мақалада осы әлеуеттерді Қазақстанның
қазіргі күрделі әрі тұрақсыз әлемдік геосаясат пен геоэкономикадағы орнын айқындауда және бекемдеуде қолданудың маңыздылығы ортаға салынып, экономикалық-географиялық тұрғыда бағаланады.