Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі өзендер ағындысының жылішілік үлестірімін бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v64.i1.07Кілттік сөздер:
орташа айлық су өтімі, бақылау қатары, ағындының жылішілік үлестірімі, корреляция коэффициенті, су тасуАннотация
Мақалада Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі өзендер ағындысының жылішілік үлестірімін бағалау нәтижелері берілген. Соңғы жылдардың мәліметтері негізінде әртүрлі сулылық жылдары бойынша өзендердің орташа айлық ағыны нақтыланып, олардың бұрынғы бағалауға қатысты өзгерістері көрсетілген.
Гидрометеорологиялық қызмет желісінің ағынды қатарларының деректері бақылауларында көптеген бос орындар бар, осыған байланысты гидрологиялық қатарлар аналогиялық және арақатынастық әдістермен қайта қалпына келтірілді. Реконструкциялау негізділігін бақылау ретінде орташа айлық мәндер бойынша қайта қалпына келтірілген қатарлардың орташа квадраттық қателері есептелді. Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі өзендер ағындысының жылішілік үлестірімін бағалау үшін 1965-2019 жылдар аралығындағы сулылықтың төрт топтамалары бойынша айлар мен маусымдар бойынша (жылдық пайызбен): суы мол, суы орташа, суы аз және суы өте аз жылдар үшін ағындының үлестірім гистограммалары құрастырылды. Алынған нәтижелердің алдыңғы жұмыс нәтижелерімен салыстырмалы талдауы жүргізілді, атап айтқанда, су режимі фазаларының орташа кезеңдері 1930-1965 жылдардағы деректер бойынша келтірілген «КСРО жер үсті суларының ресурстары» анықтаманың нәтижелерімен салыстырылған. Қарастырылып отырған аймақтағы өзен ағынының жылішілік үлестірімі көрсеткіштерін талдау нәтижелері ағын қалыптасуындағы сипаттамалық белгілерді, бұрынғы бағалауларға қатысты өзгерістерді анықтауға мүмкіндік берді.