Өзендердің су жинау алабындағы жер үсті суларының сапасының өзгеруінің математикалық моделі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v65.i2.07
        76 123

Кілттік сөздер:

судың сапасы, математикалық модель, жер үсті сулары, дифференциалдық теңдеулер, гидрохимиялық жүргілер.

Аннотация

Әртүрлі қағидалар мен әдістерді пайдалана отырып өзеннің сужинау алабының аймағының  қызметін сандық және сапалық бағалауды жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді жүйеленген мақсатық гидрологиялық, гидрохимиялық және шаруашылық саласының ақпараттық-талдау мәліметтері қажет. Сонымен қатар, бұл мәселенің ғылыми және практикалық қажеттілігі, өзеннің сужинау алабының геоэкологиялық жағдайын бағдарлаудың сенімділігі мен негізділігі дұрыс таңдалған қағидаға және әдіске тікелей байланысты болғандықтан, жер беті суларының  ластануын бағалаудың кешенді көрстеткіштерін құрылымдық талдауды талап етеді.

Зерттеудің мақсаты – табиғи жүйенінің гидрохимиялық жүргілерінің түбірлі теориясының негізінде өзеннің сужинау алабының жер үсті суының сапасын бағалаудың құралдарын жетілдіруге арналған математикалық моделін құру.

Жұмыста табиғи жүйелердің гидрохимиялық жүргілерінің дифференциалдық теідеулерін шешуге негізделген, гидрохимияның практикалық есептеріне физикалық- матиматикалық белгілеріне  және табиғи жүргілердің сызықтық емес қағидасына сәкес келетін, өзеннің сужинау алабының жер үсті суларының сапасын бағалау құралдарын жетілдірудің матиматикалық моделі әзірленген және ол  моделдерді құруға және оны аналитикалық талдауға қағидалық математикалық әдістерді қолданудың салдары болып табылады.

Өзеннің сужинау алабының  жер үсті суларының сапасын бағалаудың ұсынылып отырған тәсілі географиялық талдаумен бірге антропогендік әрекет жағдайында су ресурстарын ұтымды басқару бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін кешенді геоэкологиялық зерттеулер үшін пайдаланылуға болады.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-07-15

Как цитировать

Алдиярова, А. (2022). Өзендердің су жинау алабындағы жер үсті суларының сапасының өзгеруінің математикалық моделі. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 65(2), 75–83. https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v65.i2.07

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология