Мореналық-мұздықтық көлдерді инвентаризациялау (түгендеу) және олардың кеңістіктік таралу ерекшеліктері (Шілік өзені алабы мысалында)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v65.i2.04
        78 99

Кілттік сөздер:

мұздықтық-мореналық кешен, ГАЖ-технологиялары, көлдерді инвентаризациялау, Жерді қашықтықтан зондтау мәліметтері, климаттық өзгерістер

Аннотация

Қазіргі таңда Орталық Азия климаттық өзгерістер салдарынан орын алатын  проблемаларды шешу міндеттеріне тап болып отыр. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты белсенді термокарстық процестер жыл сайын мореналық көлдер саны мен олардың аудандарының ұлғаюына алып келеді. Мұздықтық-мореналық көлдер кешенінің қазіргі жағдайы жөніндегі және олардың инвентаризациясы мен жіктемелері бойынша жеткілікті мәліметтердің болмауы алаптағы шаруашылықты жоспарлауда, қажетті құрылыс жұмыстарын жүргізуде, олардың ақтарылу салдарынан болатын апаттарға дайындық жұмыстарын және қауіптілікті бағалау мен оның зиянды салдарын азайту стратегияларын жүзеге асыруда кедергілер тудыратын факторлардың бірі болып табылады. Шілік өзені алабындағы мореналық көлдерді анықтау және айқындау жұмыстары Google Earth 9.х модулі, Жерді қашықтықтан зондау мәліметтері мен ГАЖ технологияларын пайдалану негізінде жүзеге асырылды. Мақалада Шілік өзені алабы бойынша соңғы жылдардағы ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу негізінде Күнгей және Іле Алатауы жоталарының орташа және биік таулы зоналарында орналасқан жалпы ауданы 5,71 км2 құрайтын 143 көл анықталды. Сонымен қатар Жерді қашықтықтан зондтау мәліметтері көл қазаншұңқырларының ауданын, олардың типтері мен орналасу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-07-15

Как цитировать

Дилдабекова, С. (2022). Мореналық-мұздықтық көлдерді инвентаризациялау (түгендеу) және олардың кеңістіктік таралу ерекшеліктері (Шілік өзені алабы мысалында). ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 65(2), 44–54. https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v65.i2.04

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология