ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы табиғи өрт қауіптілігін бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v65.i2.03
        118 132

Кілттік сөздер:

Жерді қашықтықтан зондтау, ГАЖ, ғарыштық мониторинг, өрт қауіптілігінің картасы

Аннотация

Қазақстан жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-шы орынды иеленеді, алайда аумақтың көп бөлігі аридтік аймақта орналасқан, бұл дегеніміз өрттердің туындау қаупінің жоғары деңгейін тудырады. ТЖМ мәліметтері бойынша, жыл сайын 14 мыңнан астам өрт орман, дала және елді мекендерді зақымдайды, бұл елдегі барлық өрттің 78% - ын құрайды. Бұл жұмыс бүгінгі күні өзекті болып табылатын Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан аумағын өрт қауіптілігі дәрежесі бойынша бағалауға бағытталған. Бұл жұмыстың мақсаты аумақтардың өрт қауіптілігінің дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін қашықтықтан зондтау спутниктерінің деректеріне негізделген өрт қауіптілігін болжау картасын жасау болып табылады. Спутниктік ақпаратты пайдалану негізінде өрт қауіптілігі дәрежесін зерттеу және бағалауда тікелей тәжірибесі бар шетелдік зерттеушілердің жұмыстары қаралды. Өрттердің туындау қаупін анықтау үшін біз табиғи жағдайларды және олардың өрттің ықтимал таралуына әсерін зерттедік және Қарағанды облысының аумағында өрттің шығуына бейім бастапқы деректердің 11 түрін бағаладық. Авторлардың тәжірибесіне сүйене отырып, бастапқы деректер келесі топтарға жинақталған: отын, топография, климат және өрт статистикасы. Осы жұмыстың нәтижелерінің маңыздылығы мен экономикалық тиімділігі әлеуметтік-экономикалық шығындарды азайтуға қызмет етуі мүмкін. Осылайша, жергілікті өрт сөндіру қызметтерінің ескертуін едәуір жеделдетуге, әртүрлі өрт ошақтарының ықтимал қатерін алдын ала бағалауға және оларды жою уақытын қысқартуға болады. Экономикалық тиімділік және осы жұмыс нәтижелерінің маңыздылығы әлеуметтік-экономикалық шығындарды азайтуға қызмет етуі мүмкін. Осылайша, жергілікті өрт сөндіру қызметтерінің ескертуін едәуір жеделдетуге, әртүрлі өрт ошақтарында өрттің болу ықтималдылық қатерінің алдын ала бағалауға және оларды жою уақытын қысқартуға болады.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-07-15

Как цитировать

Мерекеев, А., & Нуракынов, С. (2022). ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы табиғи өрт қауіптілігін бағалау. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 65(2), 34–41. https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v65.i2.03

Шығарылым

Бөлім

Картография және геогинформатика