Ирригациялық жүйелердің техникалық жағдайы және оның суармалы жерлердің динамикасына әсері (Жамбыл облысы, Талас ауданы)

Авторлар

  • О.Ж. Таукебаев Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау орталығы, Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-7959-1434
  • К.Б. Зулпыхаров Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан., Ионосфера институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-0275-2463
  • А.А. Асылбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-8609-3855
  • С.М. Дуйсенбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан., Ионосфера институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-3146-1996
  • М. Сейтқазы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-3291-4152

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v65.i2.02
        130 115

Кілттік сөздер:

суармалы жерлер, су жүйелері, ирригация, Талас ауданы

Аннотация

Мақалада Жамбыл облысы Талас ауданындағы су жүйелерінің техникалық жағдайына сипаттама жасалып, оның аумақтағы суармалы жерлер ауданының өзгеру динамикасына әсер ету көрсеткіштеріне талдау жасалды. Соңғы жылдары жүргізілген далалық жұмыс мәліметтерінің және статистикалық көрсеткіштердің негізінде, суармалы егістік алқаптары аудандарының өзгеру динамикасы көрсетіліп, аудандағы суармалы жерлер ауданының кемуіне әсер етуші факторлар анықталды. Талас ауданның суармалы жерлерінде өте ыңғайлы етіп орналастырылған су және кәріз жүйесі бар, алайда көп жылдар жөндеу жүргізілмегендіктен олардың басым бөлігінің техникалық жағдайы нашарлап істен шыққан. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аудандағы көптеген суару жүйелерінің техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы, суару жүйелерінде дер кезінде жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі және кейбірінің апатты жағдайда болуы, сондай-ақ, көпшілігінің жеке меншікке өтіп кетуі сияқты мәселелердің салдарынан өңірдегі суармалы жерлердің 50-60 % пайдаланылмайтынын көрсетті. Ауданның аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, суармалы жерлерін тиімді пайдаланудың басым бағыттары анықталды және оларды тиімді пайдалануды жетілдіру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Талас ауданы аумағында егістік жерлерді, соның ішінде суармалы жерлерді тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-07-15

Как цитировать

Таукебаев, О., Зулпыхаров, К., Асылбекова, А., Дуйсенбаев, С., & Сейтқазы, М. (2022). Ирригациялық жүйелердің техникалық жағдайы және оның суармалы жерлердің динамикасына әсері (Жамбыл облысы, Талас ауданы). ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 65(2), 17–32. https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v65.i2.02

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география