АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНА ЖАҚЫН ҚАЛАМАҢЫ АУМАҚТАРЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v64.i1.02Кілттік сөздер:
қаламаңы аумақтары, урбандалу, изохрон әдісі, қоныстану жүйесі, Ақтөбе қаласыАннотация
Ірі қалалардың дамуы қаламаңындағы елді мекендерге әсер етеді. Қаламаңындағы аумақтар көлемі, функциялары мен үйлесімі, өндіріс пен көліктің орналасу сипаты бойынша алуан түрлі және өзгермелі. Соңғы онжылдықта қалаларға халықтың қоныстануына байланысты қаламаңындағы елді мекендер трансформацияға ұшырай бастады. Қаламаңындағы елді мекендердің өсуіне алып келетін процестердің дамуында стихиялық элементтер байқалады, ал қаламаңындағы аумақтар жеткілікті түрде тиімді пайдаланылмайды. Зерттеудің өзектілігі қаламаңындағы аумақты қаланың құрамдас бөлігі ретінде талдау қажеттілігінен туындады. Мақалада Ақтөбе қаласына жақын қаламаңы аумақтарының құрылымы мен даму динамикасының талдауы берілген. Қала маңындағы аумақтарды дамыту қала экономикасын өзгерту элементтерінің бірі болып табылады әрі олардың дамуын анықтайды. Зерттеуде
статистикалық, салыстырмалы-аналитикалық, изохрон әдістері қолданылды. Ақтөбенің қала маңындағы аумағы оның қалыптасуы мен анықталған көлеміне байланысты геодемографиялық тұрғыдан қызығушылық тудырады. Қала маңындағы аймақ аумағының ең белсенді және тартымды бөлігі Ақтөбе қаласының орталығынан көліктің қолжетімділігі 15-30 км қашықтықта, 40 минуттық және бір жарым сағаттық изохрондар арасында орналасқан. Ақтөбе қаласы соңғы жылдары қарқынды даму үстінде. Ақтөбе қаласын дамытудағы басты мәселелер: қаланы функционалды аймақтарға бөлу, қала құрылысын реттеу, магистральды инфрақұрылымды дамыту, рекреациялық аумақтарды сақтау, жасыл зонаны қалыптастыру, т.б. Ақтөбе қаласының маңындағы елді мекендердің SWOT талдауы жасалып, күшті жақтарының бірі ретінде қолайлы
көліктік-логистикалық жағдай екені көрсетілді. Басқа да күшті, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен кедергілер сараланды.