ФОСФОГИПС ҮЙІНДІСІНІҢ ӘСЕРІНЕ ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v68.i1.08Кілттік сөздер:
фосфогипс, сукцессия, түйіршіктелген қож, қайта қалпына келтіру.Аннотация
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында фосфор және фосфор тыңайтқыштары өндірісінің негізі Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС Минералды тыңайтқыштар зауытында шоғырланған.
Фосфатты шикізатты ыдырату процесінде түзілетін фосфогипс минералды тыңайтқыштар зауытының үйінділерінде сақталу нәтижесінде, ондағы экожүйеге тигізетін кері әсерін зерттеу және антропогендік әсерге ұшыраған аймақтың өзін-өзі қалпына келу процесін зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Біздің зерттеу жұмысының алға қойған мақсаты фосфогипс үйіндісінің кері әсеріне ұшыраған топырақ жамылғысын экологиялық бағалау және сол аймақтың қайта қалпына келу әлеуетіне баға беру болып табылады.
Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді болашақта фофогипс қалдықтары жинақталған нысандарға мониторинг жүргізуге және зақымдалған топырақ жамылғыларын қайта қалпына келтіру жұмыстарына пайдалануға болады.
Зерттеу барысында химиялық, геоботаникалық және ландшафтық-экологиялық әдістер қолданылды.
Зерттелу аймағындағы топырақ үлгілердегі жалпы фосфордың мөлшерін сараптау оның, барлық аймақтарда уыттылығының қауіпті емес екендігін көрсетті. Барлық алынған топырақ үлгілердегі мырыштың және мыстың жылжымалы мөлшері ШРК-дан аспағаны айқын көрініп тұр, ал кадмийдың концентрациясы алынған нүктелердің бәрінде де ШРК дан асатындығын және шығыстан басқа бағыттардың бәрінде орталықтан қашықтаған сайын мөлшерінің артатындығы көрсетті. Ал, біздің шартты түрде алынған импактты-буферлі-фондық аймақтардың топырақ және өсімдік жамылғысының өзін-өзі қалпына келу әлеуеті сәйкесінше өте төмен-төмен-қанағаттанарлық болып келеді.