ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛЫНА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ФАКТОРЛАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v64.i1.01
        457 219

Кілттік сөздер:

Түйін сөздер: халық саны, табиғи қозғалыс, туу, өлім, көші-қон, Қазақстан , демографиялық саясат ,Шығыс Қазақстан, covid-19 пандемиясы

Аннотация

COVID-19 пандемиясының дүниежүзілік таралуына байланысты әлемнің көптеген елдері сияқты біздің елімізде де негізгі демографиялық көрсеткіштердің нашарлауына әкеп соқты:  өлім - жітімнің өсуі байқалды, көші-қон баяулады немесе тоқтатылды, табиғи өсім төмендеді немесе халықтың табиғи құлдырауы күшейе түсті. Бұл жұмыста халықтың ұзақ мерзімді даму тенденциялары аясында 2020 жылы  демографиялық динамикасының негізгі компоненттерін (туу, өлім, табиғи және көші-қон қозғалысы) бағалауға,пандемияның демографияның  процестеріне әсер ету бағыттарын анықтауға  әрекет жасалды. Коронавирустық індеттің географиялық факторлар жүйесіндегі табиғи апат ретінде қарастырылатың компонентінің халықтың өліміне айтарлықтай теріс әсері туралы тұжырымдар жасалады және тууға ықтимал әсері туралы болжамдар жасалады. Қарастырылып отырған аумақтардың демографиялық болашағы бағаланады. Мақалада Шығыс Қазақстан облысы халқының көшi-қон үдерiстерiне талдау жүргiзiлiп, посткеңестiк кезеңде халықтың көшi-қонын кезең-кезеңмен бөлу ұсынылды және болған өзгерiстердiң факторлары анықталды. Мақсаты көшi-қонның кему факторларын, өңiрлердiң дамуындағы өңiраралық әлеуметтiк-экономикалық айырмашылықтардың күшеюi мен аумақтардың әркелкі тартымдылығына байланысты көшi-қон тартымдылығының төмендеуiн зерттеу болып табылады. Мақалада Шығыс Қазақстан облысы халқының көшi-қон үдерiстерiне талдау жүргiзiлiп, посткеңестiк кезеңде халықтың көшi-қонын кезең-кезеңмен бөлу ұсынылды және болған өзгерiстердiң факторлары анықталды.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-04-10

Как цитировать

Шынгысбаева, Ш., & Саипов, А. . . (2022). ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛЫНА ЫҚПАЛ ЕТУШІ ФАКТОРЛАР. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 64(1), 4–13. https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v64.i1.01

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география