Қазақстан Республикасындағы орнықты даму мақсаттарына бақылау жүргізуге арналған геоақпараттық технологиялар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v64.i1.05
        93 149

Кілттік сөздер:

тұрақты даму мақсаттары, геокеңістіктік ақпарат, геоақпараттық технологиялар, атлас ақпараттық жүйесі, Қазақстан Республикасы

Аннотация

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанда тұрақты даму мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Жүйелі реформалар мен тиімді стратегиялардың арқасында Қазақстан Республикасы Мыңжылдықтың даму мақсаттарын табысты орындады және 2015 жылы орнықты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібін іске асыруға кірісті. ОДМ-ның әрбір мақсаты бойынша прогресті бақылау үшін әрбір мақсатқа тән сандық бағалауға жататын көрсеткіштер, міндеттер және бақыланатын деректер жиынтығы әзірленді. Мақалада Қазақстандағы ОДМ бойынша мониторинг және есептілік мәселелері, индикаторларды ұлттандыру басымдығы, ОДМ бойынша статистикалық деректер базасын құру, есептеу үшін деректер көздері мен әдіснаманы анықтау мәселелері қаралды. Геокеңістік деректердің қоғам, экономика және қоршаған орта туралы ақпаратты біріктірудегі рөлі негізделген. Авторлар әзірлеген ОДМ индикаторларын пайдалана отырып, республика өңірлері халқының өмір сүру сапасын бағалайтын web-портал ұсынылған.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-04-10

Как цитировать

Нюсупова, Г., & Айдарханова, Г. (2022). Қазақстан Республикасындағы орнықты даму мақсаттарына бақылау жүргізуге арналған геоақпараттық технологиялар. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 64(1), 50–60. https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v64.i1.05

Шығарылым

Бөлім

Картография және геогинформатика