ГАЖ технологияларын пайдалана отырып, топырақ эрозиясын бағалау тәсілдерін жетілдіру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v63.i4.02
        143 20

Аннотация

Қазақстан билігі елдің мұнай – газ "молшылығын" қаншалықты жарнамаласа да, ол аграрлық ел болған және болып қала береді, демек, оның басты ресурсы – жер. Өкінішке орай, қазіргі уақытта агротехниканың бұзылуына, топырақтың су режимінің сақталмауына, рекультивация жүргізуге қаражаттың жетіспеуіне немесе болмауына, егіншілік мәдениетінің төмендігіне, ауыл шаруашылығы білімдерінің әлсіздігінен және табиғи факторлар әсерінен еліміздің үштен екі аумағында топырақ эрозиясы белең алған. Топырақ – бұл әлемдік азық-түлік өндірісінде маңызды рөл атқаратын таусылмайтын табиғи ресурс. Бағалау бойынша, 2.6 миллиард адамдар топырақтың тозуынан және шөлейттенуден зардап шегеді екен бұл дегеніміз жер бетінің 33% - дан астамына әсер ететін жүзден астам елдер. Егер жаңа тәсілдер енгізілмесе, халықтың жан басына шаққандағы егістік және құнарлы жерлердің жалпы алаңы 2050 жылы 1960 жылғы деңгейдің тек төрттен бірін ғана құрайтын болады.

Мақалада географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және спектрлік индекстерді (СИ) пайдалана отырып, осы аймақтың топырақ эрозиясына бейімділігін бағалауға бағытталған.

Жүргізілген зерттеулер барысында аталған әдістері негізінде зерттелу аумағының СИ карталарын, зерттелген математикалық модельдерді ГАЖ технологиялармен мен ЖҚЗ ұштастыра отырып топырақ эрозиясы бағалау картасы жасалды және топырақ эрозиясын бағалау моделін ұсынып отырмыз.

Автордың биографиясы

А. Асылбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Заведующая кафедрой картографии и геоинформатики

доктор PhD, и.о. доцента

Асылбекова Айжан Асылбековна

Телефон: 8-727-377-33-31 вн.12-74
8-727-221-12-74

E-mail: Aizhan.Asylbekova@kaznu.kz

Жүктелулер

Жарияланды

2021-12-29

Как цитировать

Асылбекова, А., Мукалиев, Ж., & Жеңісова, Н. (2021). ГАЖ технологияларын пайдалана отырып, топырақ эрозиясын бағалау тәсілдерін жетілдіру. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 63(4), 15–24. https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v63.i4.02

Шығарылым

Бөлім

Картография және геогинформатика