Cолтүстік – Шығыс Арал маңының құрғаған табанының топырақтарының морфологиялық белгілері мен химиялық құрамын талдау

Авторлар

  • Г. Исанова Орталық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығы (Алматы) https://orcid.org/0000-0002-4496-0463
  • К. Тыныбаева Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-9956-2139
  • А. Садуахас Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-3083-5135
  • Қ. Құлымбет Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-1864-8166
  • А. Калыбаева Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0001-6088-6876
  • С. Танирбергенов Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-6403-0984

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v62.i3.08
        241 186

Кілттік сөздер:

топырақ, сор топырақ, тұздану, топырақтар морфологиясы, карбонаттар, сіңірілген негіздер, ауыр металдар, дефляция, аридизация.

Аннотация

Арал теңізінің құрғаған бетінде топырақ түзілудің өзіндік үрдістері жүреді. Алдымен құрғаған теңіз бетінде теңіз маңының топырақтары түзіледі де, олардың ары қарай дамуы шөлді зоналық тип бойынша жүреді. Бастапқы қатты тұздану мен карбонаттылық фонында топырақ түзілу үрдістерінің әлсіз түрде дамуы жалпы заңдылық болып табылады.

Жүргізілген далалық зерттеулер нәтижесінде Солтүстік – шығыс Арал маңында таралған негізгі топырақ типтері мен олардың морфологиялық белгілері, химиялық құрамдары (катиондар мен аниондар, гумус, СО2, рН, сіңірілген негіздер), топырақтардағы ауыр металдар мөлшерлері (жалпы және жылжымалы) және ол топырақтардың тұздануының белгілі бір жақтары анықталды. Зерттеу аймағында келесі топырақ типтері анықталды: кәдімгі сор топырақ, тақыр тәрізді сор топырақ, тақырланған сор топырақ, шалғынды сор топырақ, теңіз маңының сор топырағы, шөлдің құмы, шөлдің тұзданбаған қоңыр топырағы. Арал теңізінің құрғауы нәтижесінде Солтүстік - шығыс Арал маңы топырақтарының өзгерістеріне салыстырмалы бағалау жүргізілді.

Теңіздің түбінің жалаңаштанған бетінде топырақ жамылғысының қалыптасуы мен дамуының басты факторы – шөлдік климат болып табылады. Бұл фактор теңіз тартылғаннан кейін тұздану үрдісінің дамуы мен аумақтың ары қарай тез аридизациялануына себепші болады.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-09-23

Как цитировать

Исанова , Г., Тыныбаева , К., Садуахас , А., Құлымбет , Қ., Калыбаева, . А., & Танирбергенов , С. (2021). Cолтүстік – Шығыс Арал маңының құрғаған табанының топырақтарының морфологиялық белгілері мен химиялық құрамын талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 62(3), 94–104. https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v62.i3.08

Шығарылым

Бөлім

Геоэкология