Батыс-Қазақстан облысының Березовка өзені алабындағы өсімдік жамылғысының жағдайын NDVI негізінде талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v61.i2.05Кілттік сөздер:
Батыс-Қазақстан облысы, Березовка өзенінің алабы, NDVI, дала ландшафттары, Қарашығанақ мұнай-газ кенорны.Аннотация
Табиғи кешендерді қарқынды игеру жағдайында кіші өзендер алаптарының қайтымсыз өзгерістерге ұшырауы байқалады, себебі олар өзінің шағын морфометриялық сипаттамалары салдарынан аса осал геожүйелер болып келеді. Сонымен қатар шағын геожүйе бола отырып, зат пен энергия алмасудағы маңызды буыны ретіндегі қызметін атқарады. Осындай кіші өзендердің бірі – Батыс-Қазақстан облысының Бөрлі ауданындағы Березовка өзені.
Ұсынылған мақалада ондаған жылдар бойы антропогендік-техногендік әсерлердің нәтижесінде маңызды өзгерістерге ұшыраған Березовка өзені алабындағы дала ландшафттарының өсімдік жамылғысы жағдайының 1985-2019 жылдар аралығындағы динамикасын зерттеу нәтижелері көрсетілген. Аталған аймақтың агроландшафттарына Қарашығанақ мұнай-газ кенорнын игеру жұмыстары да елеулі әсер етуде.
Нәтижелік көрсеткіш ретінде NDVI вегетациялық индексі қолданылды, бұл зерттелген аймақтың ғарыштық түсірілімдерін геоақпараттық өңдеу негізінде анықталатын экологиялық-климаттық индикациялық көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осы зерттеудің ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы өсімдік жамылғысы жағдайының әртүрлі кезеңдердегі белгілі бір динамикасын анықтауға мүмкіндік беретін өзгерістерді талдауда байқалады.
Аймақтың өсімдік жамылғысын зерттеу барысында, дала ландшафттарының табиғи өсімі арқасында NDVI көрсеткіштерінің біршама жоғарылауына қарамастан, жерлердің көбі әлі де сыни жағдайда болып отырғаны анықталды. Зерттеу нәтижелері серіктік түсірімдер бойынша жасалған картографиялық мәліметтермен расталады.