Алматы қаласының әуежайындағы Метеорологиялық параметрлердің биіктік бойынша Таралу ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v62.i3.06
        128 110

Кілттік сөздер:

аэрологиялық диаграмма, температура, бұлттылық, жел, тропопауза, мұздану, шайқалу, жылғалы ағыстар.

Аннотация

Қазіргі уақытта әуе кемелерінің  ұшуына кедергі әкеліп және авиация техникасына залал келтіретін атмосфера параметрлері туралы зерттеу авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуде маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Метеорологиялық қамтамасыз ету - ұшуды ұйымдастыру, орындау, қамтамасыз ету және әуе қозғалысын басқару кезінде есепке алынатын факторлардың бірі - ауа райы болып табылады. Оның басты мақсаты - ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Авиация үшін қауіпті метеорологиялық параметрлер мен құбылыстар авиакәсіпорындарына, оның ішінде Алматы қаласы әуежайына үлкен залал, шығын әкелуі мүмкін. Сондықтан, Алматы қ. әуежайында әуе кемелеріне әсер ететін метеорологиялық параметрлердің таралуын зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі.

Бұл мақалада Алматы қаласының әуеайлағында 2013-2017 жж. аралығында тіркелген метеорологиялық параметрлердің биіктік бойынша таралу ерекшеліктері қарастырылған. Әуе кемелеріне (ӘК) әсер ететін келесі метеорологиялық параметрлер қарастырылды: ауа температурасы, атмосфералық қысым, жел жылдамдығы мен бағыты, бұлттылықтың түрі мен мөлшері, сонымен қатар биіктікте әсер ететін келесі қауіпті құбылыстар: ұшақтардың шайқалуы, ұшақтардың мұздануы, жылғалы ағыстар,  және т.б.  Мәліметтердің барлығы  аэрологиялық  диаграмма  түрінде  интернет  желісі арқылы flymeteo.org сайтынан алынды.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-09-23

Как цитировать

Сулейменова , Ғ., & Тұрсын, Ж. (2021). Алматы қаласының әуежайындағы Метеорологиялық параметрлердің биіктік бойынша Таралу ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 62(3), 65–76. https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v62.i3.06

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология