Шу-Талас өзен алабы шегіндегі соңғы онжылдықтардағы жылішілік ағындыны бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v61.i2.08Кілттік сөздер:
жылішілік үлестірім, орташа айлық су өтімі, климаттың өзгерісі, шектеуші кезең, шектеусіз кезең, шектеуші маусым, эмпирикалық қисық, аналитикалық қисық.Аннотация
Мақалада гидрологиялық және метеорологиялық мәліметтерді жинау және талдау негізінде Шу-Талас өзен алабы шегіндегі соңғы онжылдықтардағы жылішілік ағынды үлестірімі бағаланды. Шу-Талас су шаруашылық алабындағы ағындының жылішілік үлестіріміндегі өзгерістерді бағалау үшін алап шегінде жұмыс істеп тұрған 10 гидрометриялық тұстама бойынша бақылау мәліметтері гидрологиялық жылнамалардан жинақталып, есептелді. Зерттеліп отырған алап бойынша ағындының еріген қар суларының басым болу кезеңі, жаңбырлы қоректену көзінің басым болу кезеңі және мұз құбылыстарының байқалу кезеңін қамтитын шектеуші және шектеусіз кезеңдер белгіленді. Әрбір белгіленген кезең бойынша жиынтық су өтімі мәндерінің эмпирикалық және аналитикалық қисықтары тұрғызылды. Аталған қисықтар бойынша сулылықтың үш градациясы: суы мол жылдар (Р<33,3%), сулылығы орташа жылдар (33,3%≤Р≤66,7%), суы аз жылдар (Р>33,3%) топтары анықталып, ағынды сулылығы бойынша үш жылдар тобына жіктелді. Соңғы онжылдықтардағы ағындының жылішілік үлестірімі бағаланып, зерттеу нәтижелері қарастырылып отырған алап бойынша «КСРО жер үсті суларының ресурстарында» келтірілген нәтижелермен салыстырылып, талдау жүргізілді. Жүргізілген есептеулер алап бойынша түрлі су шаруашылық параметрлерді анықтауға, алап шегіндегі елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.