Рельефтің цифрлық моделдері негізінде Самарқанд су қоймасының су жинау шекарасы мен ауданын анықтау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v62.i3.03Аннотация
Осы зерттеуде Қазақстан Республикасының Қарағанды облысындағы Самарқанд су
қоймасы үлгісінде гидротехникалық құрылыстардың су жинау шекараларын айқындау және
мониторингілеу үшін географиялық ақпараттық жүйесінде (ГАЖ) негізделген тәсілдің әлеуетті
қолданылуы ұсынылған. ГАЖ-дің әртүрлі құралдары сан алуан көздерден алынған мәліметтер
жиынтығымен бірге және олардың су жинау шекараларын анықтауға және гидротехникалық
құрылыстарды бақылауға әсерін зерттеу үшін әртүрлі ажыратымдылығымен бірге қолданылды.
Бірінші қадам жер бедерінің сандық үлгісін (ЖБСҮ) табу болып саналады. Алайда, бұл Орталық
Азиядағы ең ірі су жинау қоймасы екені анық, сондықтан ЖБСҮ-нің сегіз әр түрлі бөлігін жинап,
біріктіру қажет болды. Содан кейін су жинау қоймасы ArcGIS бағдарламалық жасақтамасында
ArcHydro құралдарын қолдана отырып, оның шекаралары мен ағындар желісін анықтау үшін
контуры айқындалды. Зерттеу барысында жоғары сапалы карталарды жасау үшін ЖБСҮ әртүрлі
тегін көздерден, ашық бағдарламалардан және коммерциялық бағдарламалардан сыналды.