Тәуелсіздік жылдарындағы Шығыс Қазақстандағы демографиялық ахуалдың қалыптасуына әсер ететінкөші-қон үрдістерінің географиялық бағыттары

Авторлар

  • Ш. Шынгысбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. https://orcid.org/0000-0001-6723-6331
  • А. Саипов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. https://orcid.org/0000-0002-4138-0236

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v61.i2.03
        314 156

Кілттік сөздер:

көші-қон ағындары, Шығыс Қазақстан, көші-қон айналымы, қандас, көші-қон теңгерімі, еңбек ресурстары

Аннотация

Қазақстан тәуелсіздік алған  жылдар кезеңіндегі  Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон үрдістерінің  бағыттары  мен өзгерістері көрсетілген бұл мақалада  статистикалық көрсеткіштермен бірге  көші-қон ағындарының қарқындылығы, көлемі, географиясы қарастырылған. Өңір халқының көші-қон ағынының әлеуметтік-экономикалық алғышарттары, олардың халықтың құрамының көлеміне, еңбек ресурстарының сапасына және көші-қон саласындағы қазіргі жағдайларға әсері және өңірдегі демографиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған көші-қон саясаты саласындағы мәселелер көрсетіледі.

Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон үдерістерінің заманауи географиясын талдау оның Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылында болған тарихи шындыққа сәйкестігін көрсетеді, сондықтан Қазақстан Республикасының тарихы үшін осы  уақыт ішінде оның аумағынан тыс жерлерге халықтың кетуі  демографиялық жағдайына  кері әсерін тигізді.  Көші-қон теңгерімінің өзгеру  динамикасы бойынша 1992 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жағымсыз көрсеткіштермен сипатталып, 2016 жылдан бастап теріс сальдо қайтадан өскені байқалады, бұл 2015 жылғы тиісті көрсеткіштен 4,3 есе көп. Көші-қон ағындарының (олардың ауқымы,қарқындылығы, бағыттары және т.б.), мигранттардың жынысы мен жасы, әлеуметтік және ұлттық құрамы  және өңір бойынша халықтың қоныс аударуының әлеуметтік-экономикалық салдары ғылыми түрде талданды.   Зерттеу нәтижесінде  оралмандардың көші-қон қозғалыстарын көрсететін

1999-2019жылдар аралығындағы  Шығыс Қазақстан облысының этникалық қоныс аудару картасы жасалынды. Демографиялық жағдайға әсер еткен саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлар талданды.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-06-30

Как цитировать

Шынгысбаева, Ш., & Саипов , А. (2021). Тәуелсіздік жылдарындағы Шығыс Қазақстандағы демографиялық ахуалдың қалыптасуына әсер ететінкөші-қон үрдістерінің географиялық бағыттары. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 61(2), 29–38. https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v61.i2.03

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география