Assessment of the low-water flow of the Ile river

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v61.i2.06
        227 171

Кілттік сөздер:

Сабалық кезең, минимал ағынды, су өтімі, гидрограф, вариация коэффициенті, асимметрия коэффициенті, қамтамасыздық қисығы.

Аннотация

Жұмыста Іле өзенінің Қапшағай шатқалы тұстамасындағы минимал ағыны зерттелінген. 1940-2015 жылдар аралығындағы минимал ағынды мәліметтері жинақталып, сипатты жылдар үшін біріктірілген минимал ағынды гидрографтары тұрғызылған. Гидрографтарға талдау жүргізу нәтижесінде сабалық кезеңдердің орнау мерзімдері нақтыланып, Іле өзенінің сабалық кезеңдерінің басталу және аяқталу мерзімдері анықталған. Іле өзені – СЭС-нан 37 км төмен орналасқан гидрологиялық бекет бойынша тұрғызылған су өтімдері гидрографтарына талдау жүргізу нәтижесінде тұрақты күздік межень кезеңі үшін қазан-қараша айлары, ал қыстық кезең үшін желтоқсан-наурыз айлары қабылданған. Орнатылған күздік және қыстық сабалық кезеңдер үшін минимал су өтімдерінің сипаттамалары есептелген. Іле өзені бойында Қапшағай су қоймасы салынғаннан кейін минимал ағынды шамасының өзгерісі орын алғаны анықталған. Сондықтан, минимал су өтімдерінің сипаттамаларына гидрологиялық есептеулер 1940-1971 жылдық шартты түрдегі табиғи және өзен алабына түсетін антропогендік салмақ өскен 1971-2015 жылдық кезеңдер үшін жеке-жеке жүргізілген. Аталған кезеңдер үшін күздік және қыстық сабалық кезеңдердің минимал су өтімдері қатарларының статистикалық параметрлері есептелінген. Іле өзеніне антропогендік жүктеме өскен кезең үшін күздік межень жағдайында минимал ағын қатарының вариация коэффиценті екі еседен артық, ал қыстық межень үшін біршама өскендігі көрсетілген. Әр сабалық кезең үшін минимал ағындының 75-97%-дық қамтамасыздықтағы мәндері анықталған. Соңгы кезең үшін Іле өзенінің минимал су өтімдерінің біршама төмендегендігі көрсетілген.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-06-30

Как цитировать

Бекахмет , . Г., Джусупбеков, Д., Нысанбай, Е., & Абдырахманова, Ж. (2021). Assessment of the low-water flow of the Ile river. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 61(2), 66–75. https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v61.i2.06

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология