Аюсай шатқалы бойынша туристік маршруттар мен инфрақұрылымдардың карта-схемасын жасау (Іле Алатау ұлттық паркі)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v62.i3.07Кілттік сөздер:
Түйінді сөздер: туристік маршруттар, картография, географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ), Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ).Аннотация
Бүгінгі таңда ұлттық саябақтарға келушілердің саны жыл сайын геометриялық прогрессиямен өсуде, сондықтан аталған нысандардағы антропогендік жүктеме артып, флора мен фаунаға, сондай-ақ басқа да табиғи ресурстарға жүктеме әкеледі. Танымал туристік орындардың ғана емес, барлық аймақтарда туризмнің дамуын қамтамасыз ету үшін туризм индустриясының дамуын және туристік қызметті реттеуді қамтамасыз ету үшін карталар жасау негізгі туристік ресурстар көрсетілген маңызды құрал болып табылады. Пайдаланушыға бағытталған карталар геокеңістіктік шешімдер қабылдау үшін бірінші кезекте олардың мүдделері үшін қажет геокеңістіктік ақпаратты беруге арналған. Жақсы жасалған туристік карталар аймақтың тартымдылығын арттырып, туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі. Мақалада ГАЖ технологияларын қолдана отырып, Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында туристік-рекреациялық қызметті тұрақты дамыту үшін Аюсай шатқалы бойынша маршруттар мен инфрақұрылымдардың карта-схемасын жасау процесі қарастырылған. Жұмыста графикалық және атрибуттық мәліметтер, атап айтқанда сандық растрлық және векторлық кескіндер, семантикалық ақпарат, туристік нысандарды қабаттарға жіктеу және кодтау принципі қолданылады. Зерттеу шеңберінде деректерді цифрлау үшін растрлық-векторлық түрлендіру пайдаланылды және ЖҚЗ деректері негізінде карталардың тақырыптық қабаттары жасалды, нүктелік, желілік және полигондық локализация нысандары цифрландырылды. ЖҚЗ деректерінің негізінде Жапон соқпағының, Аюсай сарқырамасына апаратын соқпақтың, Мың Көз соқпағының карта-схемасы және Аюсай шатқалының инфрақұрылым картасы жасалды. Алғаш рет осы аумақты картографиялау кезінде ғарыштық түсірілімдер пайдаланылды және туристік нысандардың деректер базасы құрылды. Бұл жұмыстың нәтижелері тұтынушылар үшін саяхатты жоспарлау мен жүзеге асыруда, сондай-ақ ұлттық парктің геоақпараттық мәліметтер базасын құруда пайдалы болуы мүмкін.