Қазақстанның табиғи-шаруашылық жүйелеріне климаттық өзгерістердің әсерінің адаптивті моделі

Авторлар

  • М. А. Askarova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-5958-3827
  • Аl. А. Medeu География және су қауіпсіздігі институты, Қазақстан, Алматы қ.
  • Аig. Medeu География және су қауіпсіздігі институты, Қазақстан, Алматы қ.
  • А. N. Mussagaliyeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-8041-9247

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v60.i1.05
        176 245

Кілттік сөздер:

климаттың өзгеруі, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, адаптивті модель.

Аннотация

Жұмыста, климатологтардың сценарийлеріне сәйкес, жауын-шашын мөлшерінің өзгермеуі және жер бетіндегі ауаның орташа жылдық температурасының көтерілуі жаһандық жылыну жағдайында Қазақстан аумағының құрғауы мен шөлейттенуіне ықпалы көрсетілген. Осыған байланысты климаттық шөлейттену ылғалдың жеткіліксіз аймағының ауысуына және шөлді және жартылай шөлді аймақтардың көбеюіне ықпал етеді. Осы жағдайларда дәнді дақылдар өнімділігінің төмендеуі туралы болжам ұсынылған, бұл Қазақстанның экологиялық және азықтүлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық өндірісіне және су ресурстарының жағдайына климаттың өзгеруінің әсерін талдау және климаттың табиғи-экономикалық жүйелерге әсер етуінің адаптивті моделін жасау болып табылады. Су ресурстарының жай-күйіне талдау климаттық жағдайлардың өзгеруі жағдайындағы ел үшін ең осал компонент ретінде ұсынылған. Осы жағдайларда республикада климаттық тәуекелдерді азайтуға және климаттың өзгеруінен ықтимал пайда алуға бағытталған бейімделу шаралары жүргізіліп жатқандығы көрсетілген. Климаттың өзгеруінің табиғи және экономикалық жүйелерге әсер етуінің математикалық статистика мен ықтималдық талдау әдістеріне негізделген адаптивті моделі ұсынылды. Бейімделу деңгейлері индекске сәйкес: индикатордың жоғарылауымен табиғи және экономикалық жүйелерге әсер ету дәрежесі де артады. Модель географиялық шектеулі табиғи және экономикалық жүйелер шеңберінде климаттың өзгеруін болжауда қолдану үшін жоғары әлеуетке ие. Климаттың өзгеруіне бейімделуге арналған ұсыныстар табиғи-климаттық тәуекелдерді басқарудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолдануға болады.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-03-20

Как цитировать

Askarova М. А., Medeu А. А., Medeu А., & Mussagaliyeva А. N. (2021). Қазақстанның табиғи-шаруашылық жүйелеріне климаттық өзгерістердің әсерінің адаптивті моделі. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 60(1), 52–60. https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v60.i1.05

Шығарылым

Бөлім

Геоэкология