Алматы (Қазақстан) және Ыстықкөл (Қырғызстан) облыстарының шекаралас аумағында туристік ынтымақтастықтың ресурстық әлеуетін бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v60.i1.04Кілттік сөздер:
әлеуеті, трансшекаралық туризм, ынтымақтастық, Алматы, Ыстықкөл облысы.Аннотация
Мемлекеттердегі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар нәтижесінде әлемдік қоғамдастықта болып жатқан интеграциялық процестің әсерінен шекаралас аймақтардың ашықтығы көрші елдер арасындағы трансшекаралық туризмнің дамуындағы ынтымақтастықты жеңілдетеді. Трансшекаралық туризмді бірлесіп дамытуда Қазақстанның Алматы облысы мен Қырғаз Республикасының Ыстық көл облыстары арасында зор мүмкіншіліктер бар. Бұл мақала Алматының оңтүстік бөлігі мен Ыстықкөл облысының солтүстік бөлігі арасындағы трансшекаралық туристік ынтымақтастықтың әлеуетін бағалауды зерттеуге бағытталған. Осы мақалада келтірілген зерттеудің әдіснамалық негізін мерзімді басылымдар, анықтамалық ақпарат көздері және тиісті елдердің мемлекеттік статистика қызметінің деректері құрайды. Зерттеу салыстырмалы географиялық, картографиялық, статистикалық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Нәтижелер көрсеткендей, екі аймақ арасындағы шекараның маңында туристік объектілер көп шоғырланған, көлік жолдары жоғары деңгейде дамыған, бірлескен туризмді дамыту стратегиялық жобалары жүзеге асырылуда, екі аймақта да туризмді дамытудың зор әлеуеті сақталған, салыстырмалы түрде жыл сайын осы екі аймаққа туристердің көп ағымы келеді және осы екі аймақтың миллиондаған Қытайлық туристерді қабылдауға географиялық орналасу артықшылықтары бар. Жоғарыдағы нәтижелерден біз екі аймақ арасында трансшекаралық туризмде ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар деп бағалай аламыз.