Ауыл туризмін дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстанның туристік климаттық индексін бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v60.i1.03
        228 186

Кілттік сөздер:

ауыл туризмі, ауылдық аймақ, ауыл, туристік-рекреациялық әлеует, туристік климаттық индекс, эффективті температура.

Аннотация

Туристік және рекреациялық ресурстар туризмнің әр түрлі бағытын дамытуға мүмкіндік береді. Осы мақсатты орындау үшін, аймақтың туристік-рекреациялық әлеуетін бағалаудың кешенді жұмыстары жүргізіледі. Ауыл туризмін дамыту тікелей әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, инфрақұрылым жағдайына және нақты туристік аймақтың тартымдылығына байланысты. Ауыл туризмі көптеген елдердегі жаппай туризмге қосымша болуы мүмкін, сонымен бірге туризм деңгейі төмен жерлерде инновациялық бастама бола алатыны белгілі. Қазіргі кезде ауыл туризмі шетелдік мемлекеттерде жоғары ырғақтылықпен дамып жатыр. Қазақстанда да ауыл туризмін дамытудың зор мүмкіндіктері бар. Ауыл туризмін нақты аумақтарда дамыту мүмкіндіктерін талдау үшін арнайы туристік-рекреациялық бағалау жүргізіледі. Мақалада Оңтүстік Қазақстанның ауыл туризмін дамытудың климаттық әлеуетін бағалау үшін оның туристік климаттық индексіне талдау жүргізілді. Климаттық индекстің сипаттамасы бойынша аймақтың климаттық қолайлылығының динамикасы анықталды. Климаттық индекстің баллдық көрсеткіштеріне байланысты Оңтүстік Қазақстанның картасы жасалынды. Анықталған нәтижелер бойынша аймақтың климаттық жайлылығының қолайлы немесе қолайлы еместігі анықталды. Бұл туристер үшін және тікелей ауыл туризмін дамыту үшін маңызды фактор және туристік-рекреациялық бағалаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-03-20

Как цитировать

Aliyeva, Z. N., & Kyrykbay, A. B. (2021). Ауыл туризмін дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстанның туристік климаттық индексін бағалау. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 60(1), 28–38. https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v60.i1.03

Шығарылым

Бөлім

Рекреациялық география және туризм