Қытай қазақтарының қоныстану географиясы және Қазақстан -Қытай арасындағы көші-қон мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v60.i1.01Кілттік сөздер:
диаспора, Шынжаң, Іле Қазақ автономиялық облысы, көші-қон географиясы, иммигранттар, эмигранттар, көші қон айырмасы.Аннотация
Мақала диаспора және ирреденттер туралы анықтамаларға негізделе отырып, қазақ диаспорасы мен ирреденттеріне тарихи-географиялық тұрғыдан талдау жасалып, қытай қазақтарының диаспора емес, ирреденттер екеніне ғылыми тұжырым беріледі. Шетелдегі этникалық қазақтардың аса мол үлесі сақталған Қытай Халық Республикасының (Қытай) Шынжаң Ұйғұр автономиялық ауданы (Шынжаң) құрамындағы Іле Қазақ автономиялық облысының жалпы аумақтық-әкімшілік жағдайы мен халқының географиялық қоныстану және этникалық құрамын демографиялық тұрғыда зерттеуге бағытталған. Шынжаң ауданының Қытай үшін маңызды геосаяси және геоэкономикалық орынға ие екендігі Іле Қазақ автономиялық облысының географиялық орны, аумағы, шекаралас елдері мен шекара ұзындықтары және табиғи ресурстық әлеуеті негізінде көрсетілген. Мақалада баса мән берілген мазмұнның тағы бірі Іле Қазақ автономиялық облысының халқы және олардың аумақтық-әкімшілік бөлініс бойынша орналасуы осы облыс бойынша этникалық ұлттардың саны мен қала және елді-мекендер бойынша таралуына және халықтың тууы мен өлімжітіміне, табиғи өсіміне негізделіп, жаңа әдебиеттерге сүйеніп, жан-жақты қарастырылған. Мақалада Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы иммигранттар мен эмигранттар үлесі, көші-қон айырымы, өңірлер арасындағы мигранттардың статистикалық көрсеткіштері талданған. Көрсеткіштер негізінде Қазақстан мен Қытай арасындағы әлеуметтікэкономикалық мәселелер талданды. Мақаланың тағы бір өзекті тұсы – 2013-2020 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен алынған статистикалық-демографиялық көрсеткіштердің пайдаланылуы. Бұл сандық мәліметтер екі мемлекет арасындағы сыртқы көші-қонның нақты жағдайын талдауда және баға беруде маңызды рөл атқарады.