Іле Алатауы тауларындағы көшкін қаупінің деңгейін бағалау мен болжаудың инновациялық технологиялары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v61.i2.07
        177 0

Кілттік сөздер:

көшкін қаупі, ауа райын болжаудың математикалық модельдері, көшкін қаупінің халықаралық шкаласы, қар көшкіні, қар көшкіні бюллетені, эксперттік бағалау

Аннотация

Аннотация. Көшкін қаупінің болжамдарын жасау таулы аудандардағы тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. Қазақстанның қар көшкіні қызметінің жұмысында қолданылатын қар көшкінін болжаудың барлық әдістері XX ғасырдың 80-ші жылдары әзірленді. Олар елеулі жаңғыртуды қажет етеді. География және су қауіпсіздігі институтының табиғи қауіптер зертханасында таудағы көшкін қаупін бағалау және болжау бойынша алдыңғы қатарлы ғылыми әдістерді зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы сәуірге дейінгі қысқы кезеңде Алматы қаласының маңында көшкін қаупінің деңгейін бағалау және апта сайынғы қар көшкінің бюллетенін шығару бойынша эксперимент жүргізілді. Жобаның негізгі міндеті – Швейцария қар және қар көшкіні институтының (SLF) тәжірибесін Қазақстанның жағдайына бейімдеу. Жұмыс барысында халықаралық алмасу бойынша метеорологиялық станциялардан келетін метеорологиялық ақпарат талданды. Көшкін қаупінің деңгейі халықаралық бес балдық шкала бойынша бағаланады. Эксперттік бағалау SLF институтының ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылды. Болжам жасаушының жұмысын жеңілдету үшін нейрондық желі технологияларын қолдана отырып, автоматты сараптама жүйесі жасалды. Нейрондық желі Кіші Алматы өзені бассейніндегі қар көшкіні туралы көп жылдық мәліметтерді қолдана отырып жасалды. Қар көшкіні туралы ескертулердің алдын-алуды арттыру үшін Еуропалық орталықтың (ECMWF) ауа-райы болжамдары қолданылды. Көшкін қаупінің деңгейін бағалау нәтижелері апта сайын география және су қауіпсіздігі институтының сайтында, сондай-ақ Telegram әлеуметтік желісінде жарияланды. Бұл әдісті "Қазгидромет" РМК және "Қазселденқорғау" ММ жедел жұмыстарында пайдалану ұсынылады.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-06-30

Как цитировать

Медеу, А., Благовещенский , В., & Жданов, В. (2021). Іле Алатауы тауларындағы көшкін қаупінің деңгейін бағалау мен болжаудың инновациялық технологиялары. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 61(2), 76–87. https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v61.i2.07

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология