Журнал туралы

"ҚазҰУ Хабаршысы. География Сериясы" 1992 жылы құрылған. Журналдың құрылтайшысы және шығарушысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып табылады. Журналдың жоғары оқу орны көрсетілген мұқабасы мен титулдық парақтары, шығыс деректері, ISSN, eISSN, редакциялық алқа құрамы, редакциялық саясаты, жарияланымдық этикасы және веб-сайты бар.

Журнал жылына 4 рет шығарылады.

Журнал мақалалары CrossRef ДБ тіркеледі және әрбір авторлық мақалаға міндетті түрде объектінің DOI – цифрлық сәйкестендіргіші беріледі, ол дәйексөзді, сілтемені және электрондық құжаттарға шығуды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Журналды "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ (МҰҒТСО) қазақстандық дәйексөз алу базасы (КазДБ) индекстейді.

Журнал сонымен қатар ғылыми электронды кітапханада орналастырылған elibrary.ru оқырмандар үшін ашық қолжетімділікте және "Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі" (РҒДИ) талдамалық деректер базасына енгізілген.

Журналдың редакциялық алқасының құрамында қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар бар.

Журнал авторлардың жарияланымдарының ақпараттық ашықтығы және қол жетімділігі саясатына сәйкес келеді, мақалалар журналдың сайтында орналастырылады үш тілде толық мәтінді қолжетімділікте.

 

Журналдың мақсаттары мен міндеттері

"ҚазҰУ Хабаршысы. Географиялық Сериясы" журналының мақсаты географиялық ғылымның өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң болып табылады.

Журналдың міндеттері:

- География саласында жүргізілетін іргелі, қолданбалы, инновациялық зерттеулердің жаңа ғылыми нәтижелерін жариялау;

- Ғылыми зерттеулердің, халықаралық және отандық ғалымдар топтарының ынтымақтастық пен коллаборация нәтижелеріне қол жеткізу және оларды талқылау;

- Қазақстандық және шетелдік авторлардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін әлемдік білім беру қоғамдастығында журналды әлемдік, халықаралық журналдар мен мақалалар дерекқорына енгізу арқылы көрсету;

- Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талқылаудың ашықтығы мен қол жетімділігі ортасын құру.

  • Журналдың тақырыптық бағыттары

Журналда география ғылымының өзекті мәселелері бойынша теориялық және қолданбалы зерттеулердің нәтижелері келтірілген мақалалар жарияланады. Сондай-ақ халықаралық географиялық ұйымдардың маңызды іс-шаралары мен қызметі туралы айтылады. Журналдың тақырыптық бағыттары:

  • Ғылыми, физикалық, экономикалық және әлеуметтік география;
  • Геоэкология, геодезия;
  • Метеорология және гидрология;
  • Картография және геоинформатика;
  • Рекреациялық география және туризм;
  • Жоғары мектептегі географиялық білім беру мәселелері.

* Журналда жариялауға мақұлданған қолжазбаның авторлары vмақаланы жариялау үшін бекітілген төлем құжатына сәйкес басылым үшін ақы төлеуге міндетті. Бағалардың бекітілген құжатына сәйкес мақала жариялау үшін мақаланың әрбір бетіне 2000 теңгеден толенеді.  Ерекше жағдайларда, журнал сериясын қаржыландырудың басқа көздері болған жағдайда, авторлар мақаланы жариялағаны үшін төлемнен толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

Автор төлем жасағаннан кейін PDF форматында  төлем туралы түбіртекті журнал редакциясының электронды мекен-жайына жібереді.