Определение характеристик стока весеннего половодья при отсутствии данных наблюдений

Авторы

  • Albina Pshenchinova doctoral student of the faculty of geography and nature management

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v54.i3.05

Аннотация

Бұл жұмыста Орталық Қазақстанның Есіл және Нұра – Сарысу алаптарының зерттелмеген өзендері көктемгі ағындысының қалыпты орташа мәнін анықтау үшін зерттеулер жүргізілді. Көктемгі ағынды сипаттамалары, ағынды қабаты және ең жоғарғы көктемгі су тасу ағындысының бақылау деректері жоқ болғандағы, жазықтық өзендердің көктемгі ағындысын қалыптастырушы, жылдық ағынды мен физико – географиялық факторлардың байланысын зерттеу әдісі қолданылған. Жұмыста Есіл және Нұра – Сарысу алаптары өзендерінің көктемгі ағындысының қалыпты орташа мәнін анықтау, жылдық ағындының анықтаушы факторлардан аудандық тәуелділігі бойынша жүргізілді. Ең алдымен көктемгі ағынды қабатының қалыпты орташа мәнінің су жинау алабынан тәуелділіктері зерттелді. Төрт тәуелділік алынды: Есіл, Селеті және Қарасу өзендері алаптары үшін жеке – жеке, сонымен қатар барлық Есіл су шаруашылық алабы үшін. Көктемгі су тасу ағынды қабатын өзендердің жеке – жеке алаптары бойынша анықтау ұсынылады. Барлық жағдайда кері байланыс h=f(F) алынды, басқаша айтқанда су жинау алабы ұлғайған сайын ағынды қабаты азаяды. Орталық Қазақстанның зерттелмеген өзендері көктемгі ағындысының қалыпты орташа мәні мен ең жоғарғы ағынды модулін жуықтап бағалау үшін, көктемгі ағынды қабатының су жинау алабынан тәуелділігі мен ең жоғарғы ағынды модулі зерттеу аумағының су жинау ауданынан тәуелділігі қолданылуы мүмкін екендігі көрсетілді.

Загрузки

Опубликован

2019-12-24

Выпуск

Раздел

Метеорология и гидрология