Жайық-Каспий алабының оңтүстік өзендерінің ең аз ағындысының сипаттамалары
Keywords:
тәуліктік және айлық ең аз ағынды, қамтамасыздық қисығы, вариация коэффициенті, асимметрия коэффициенті, корреляция коэффициентіAbstract
Жайық-Каспий алабының негізгі өзендері – Жем, Ойыл, Сағыз өзендері және оның салаларының ең аз ағындысы қарастырылды. Өзендердің айлық ең аз ағындысын сипаттау үшін жаз-күз кезеңіндегі 19 бекет бойынша және қыс кезіндегі 12 бекет бойынша бақылау материалдары қолданылды. Қарастырылып отырған ауданның басты өзендерінің ағындысы, негізінен, алаптың жоғарғы, биік бөлігінде (солтүстік-батыс) қалыптасатындығы анықталды. Зерттеліп отырған өзендер алабының ең аз ағындысының мәліметтері бойынша өзен ағындысының негізгі статистикалық параметрлерін анықтау, қамтамасыздық қисығын тұрғызу және қамтамасыздығы әр түрлі ең аз су өтімдерін табу жұмыстың негізгі мақсаты. Жайық-Каспий алабы өзендерінің ең аз ағындысының көпжылдық тербелістерінің синхрондығын және корреляциялық тәуелділікті орнату мүмкіндігін есепке ала отырып, ағындыны қалпына келтіру үшін 1940-2012 жж. мерзімі таңдалынды. Сонымен қатар көптеген өзендердің ең аз ағынды шамалары қайта қалпына келтірілді. Соңғы отыз жылдық ағынды нормасын көпжылдық кезеңмен (1940-2004 жж.) салыстырғанда оның төмендеу тенденциясы анықталды.
References
2. 2. Resursy poverkhnostnykh vod SSSR. Povolje izapadny Kazakhstan, vyp. 3. Aktobinski oblast. - L: Gidrometeoizdat, 1966. - 514 b.
3. 3. Opredelenie osnovnykh raschetnykh gidrologicheskikh xarakteristik. - Moscow: Gosstroi Rossii, 2004. – 71 b.
4. 4. Davletgaliev.S.K. Osenka tochnosti parametrov krivykh raspredelenie stoka rek Uralo-Embinskogo raiona. Almaty. Gidrometeorologia i ekologia. 2007. - 85-93 b.