Географиялық білім: орта мектепке арналған география оқулығын құрастыру мәселелері

Авторлар

  • К. Н. Мамирова Қaзaқ мемлекеттік қыздaр педaгогикaлық университеті
  • Т. К. Шакенова Қaзaқ мемлекеттік қыздaр педaгогикaлық университеті
  • Л. Ш. Киясова Қaзaқ мемлекеттік қыздaр педaгогикaлық университеті
  • М. Е. Тоқсабаева Қaзaқ мемлекеттік қыздaр педaгогикaлық университеті
  • М. Талипбай Қaзaқ мемлекеттік қыздaр педaгогикaлық университеті

Аңдатпа

Бүгінгі таңда географиялық білім мазмұнын дамытудың басты факторлары – ізгілендіру, экологияландыру, саясаттандыру, жаһандандыру және ақпараттандыру. География ғылымы
үшін табиғатты тиімді пайдалану және геоэкология, қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы, әлеуметтік-демографиялық және саяси географиялық мәселелері өзекті. Сонымен бірге
география оқулығы оқытудың мақсатын, білім мазмұнын, оқыту әдістерін және ұйымдастыру түрлерін айқындайтындықтан, ол оқу процесінің «стратегиялық үлгісі» міндетін атқаруға
тиісті. Сондай-ақ, оқулық оқу материалының бірізділігін және оқу процесі барысын көрсететін «тактикалық үлгі» де болу керек. Зерттеудің мақсаты орта мектепке арналған география оқулығының мазмұнын негіздеумен байланысты. Оқулық оқыту процесінің мақсаты мен принциптерін, мазмұны мен технологияларын айқындайтын кешенді ақпараттық – іс-әрекеттік үлгісі ретінде
қарастырылды. Оқулық тек қана белгілі дидактикалық-әдістемелік жүйенің құрылымы мен мазмұнын көрсететін үлгі ғана емес, сондай-ақ оқыту процесінде оларды іске асыратын жоба
ретінде берілді. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы мектеп оқулығы дидактикалық негіздерінің көп функционалдық қасиеттері анықталғандығында; география оқулығының құрылымдық- мазмұндық үлгісі айқындалғандығында; оқулық құрастырудың ғылыми талаптары мен болашақ авторларға практикалық ұсыныстар берілгендігінде. Зерттеудің методологиялық негіздерін заманауи тұлғалық іс-әрекеттік қағидалар, оқулық және тұтас педагогикалық процесс теориясы, географиялық білімнің тұжырымдамалары мен стандарттары құрады.
Осыған орай, география оқулығының құрылымы мен мазмұны тұлғаны дамытуға бағытталған білімді көздей отырып, оқытудың қажетті іс-әрекеттерін ұсынуы қажет. Оқулықта білім алудың
мақсаты мен міндеттері, оқу ситуацияларын ұйымдастырудың жолдары, білім мен құзыреттілікті қалыптастыратын ақпараттар, проблемаларды шешудің жолдары, тұжырымдау мен жүйелеу, бекіту мен бақылау, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, оқу іс-әрекеттер мен күтілетін нәтижелердің рефлексиясы сияқты мәселелер шешімін табу қажет. Оқулықтың іс-әрекеттік функциясы оқушылардың шығармашылық оқу іс-әрекеттері мен меңгеретін материалға деген бағалау позициясын қамтамасыз етуі қажет. Бұл оқушының оқуға деген ынтасын арттыруға түрткі болып, оқытудың нәтижелілігін көтереді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-23

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география