Қаратал өзені алабындағы мұздықтардың жылдам еруің факторлары
Кілт сөздер:
мұздықтың азаюы, Қаратал өзен алабы, топографиялық факторлар, климаттың өзгеруіАңдатпа
Мұздықтар дүние жүзіндегі ең үздік регистраторлардың бірі болып табылады. Олар табиғи және антропогендік сипаттағы климаттың өзгеруіне бірінші болып жауап береді, сонымен қатар уақыт бойынша қазіргі кездегі климаттық және экологиялық өзгерістердің алдағы өрбуін көрсетеді. Біздің алдыңғы зерттеу нәтижелерімізге сәйкес Қаратал өзені алабындағы мұздықтар басқа Орталық Азия тауларындағы, соның ішінде Тянь-Шань, Алтай және Памирдің су жинау алаптарындағы мұздықтарға қарағанда тез еріп жатқаны байқалды. Аталған зерттеу жұмысында Қаратал өзені алабындағы мұздықтардың жылдам еруінің факторлары және олардың мұздықтар ауытқуындағы ролі қарастырылып, талданды.Зерттеліп отырған мұздықты аймақ ең қолайсыз жағдайда орналасқандықтан 1956-2012 жылдар аралығында Орталық Азиядағы басқа мұздықты аймақтардың ішінде жоғары жылдамдықта қысқаруға ұшыраған деген қортындыға келдік.
