Өңдеу Редактировать Журнал туралы
"ҚазҰУ Хабаршысы. География Сериясы" 1992 жылы құрылған. Журналдың құрылтайшысы және шығарушысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып табылады. Журналдың жоғары оқу орны көрсетілген мұқабасы мен титулдық парақтары, шығыс деректері, ISSN, eISSN, редакциялық алқа құрамы, редакциялық саясаты, жарияланымдық этикасы және веб-сайты бар.
Тіркеу туралы куәлік - №16502-Ж, 04.05.2017 ж. (Астана қ.)
Журнал жылына 4 рет шығарылады.
Журнал мақалалары CrossRef ДБ тіркеледі және әрбір авторлық мақалаға міндетті түрде объектінің DOI – цифрлық сәйкестендіргіші беріледі, ол дәйексөзді, сілтемені және электрондық құжаттарға шығуды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Журналды "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ (МҰҒТСО) қазақстандық дәйексөз алу базасы (КазДБ) индекстейді.
Журнал сонымен қатар ғылыми электронды кітапханада орналастырылған elibrary.ru оқырмандар үшін ашық қолжетімділікте және "Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі" (РҒДИ) талдамалық деректер базасына енгізілген.
Журналдың редакциялық алқасының құрамында қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар бар.
Журнал авторлардың жарияланымдарының ақпараттық ашықтығы және қол жетімділігі саясатына сәйкес келеді, мақалалар журналдың сайтында орналастырылады үш тілде толық мәтінді қолжетімділікте.
Журналдың мақсаттары мен міндеттері
"ҚазҰУ Хабаршысы. Географиялық Сериясы" журналының мақсаты географиялық ғылымның өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң болып табылады.
Журналдың міндеттері:
- География саласында жүргізілетін іргелі, қолданбалы, инновациялық зерттеулердің жаңа ғылыми нәтижелерін жариялау;
- Ғылыми зерттеулердің, халықаралық және отандық ғалымдар топтарының ынтымақтастық пен коллаборация нәтижелеріне қол жеткізу және оларды талқылау;
- Қазақстандық және шетелдік авторлардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін әлемдік білім беру қоғамдастығында журналды әлемдік, халықаралық журналдар мен мақалалар дерекқорына енгізу арқылы көрсету;
- Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талқылаудың ашықтығы мен қол жетімділігі ортасын құру.
- Журналдың тақырыптық бағыттары
Журналда география ғылымының өзекті мәселелері бойынша теориялық және қолданбалы зерттеулердің нәтижелері келтірілген мақалалар жарияланады. Сондай-ақ халықаралық географиялық ұйымдардың маңызды іс-шаралары мен қызметі туралы айтылады. Журналдың тақырыптық бағыттары:
- Ғылыми, физикалық, экономикалық және әлеуметтік география;
- Геоэкология, геодезия;
- Метеорология және гидрология;
- Картография және геоинформатика;
- Рекреациялық география және туризм;
- Жоғары мектептегі географиялық білім беру мәселелері.
* Журналда жариялауға мақұлданған қолжазбаның авторлары vмақаланы жариялау үшін бекітілген төлем құжатына сәйкес басылым үшін ақы төлеуге міндетті. Бағалардың бекітілген құжатына сәйкес мақала жариялау үшін мақаланың әрбір бетіне 2000 теңгеден толенеді. Ерекше жағдайларда, журнал сериясын қаржыландырудың басқа көздері болған жағдайда, авторлар мақаланы жариялағаны үшін төлемнен толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
Автор төлем жасағаннан кейін PDF форматында төлем туралы түбіртекті журнал редакциясының электронды мекен-жайына жібереді.
ЖАРИЯЛАУ ЭТИКАСЫ ЖӘНЕ РЕДАКЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
Ethics Statement (Этикалық ұстаным)
Журнал редакциясы академиялық адалдық, ғылыми жауапкершілік және жариялау үдерісінің ашықтығы қағидаларын ұстанады.
Мынадай әрекеттерге жол берілмейді:
- плагиат және өзін-өзі плагиаттау;
- деректерді қолдан жасау (fabrication) және бұрмалау (falsification);
- қосарлы жариялау;
- авторлықты заңсыз көрсету.
Барлық келіп түскен мақалалар міндетті түрде мәтіндік ұқсастыққа тексеріледі. Этикалық бұзушылықтар анықталған жағдайда редакция мақаланы қабылдамауға немесе жарияланған жұмысты кері қайтару рәсімін бастауға құқылы.
Адамдар немесе жануарлар қатысқан зерттеулер этикалық нормаларды сақтай отырып жүргізілуі және тиісті рұқсат құжаттарымен расталуы тиіс.
Peer-Review Process (Рецензиялау үдерісі)
Журнал екіжақты жасырын рецензиялау жүйесін (double-blind peer review) қолданады.
Мақаланы қарау үдерісі келесі кезеңдерді қамтиды:
- Журнал бағытына және техникалық талаптарға сәйкестігін бастапқы редакциялық тексеру.
- Мәтіндік ұқсастыққа тексеру.
- Мақаланы екі тәуелсіз рецензентке жолдау.
- Рецензия қорытындылары негізінде шешім қабылдау:
- жариялауға қабылдау;
- түзетулер енгізгеннен кейін қабылдау;
- қайта рецензиялауға жіберу;
- қабылдамау.
Рецензенттер құпиялықты сақтауға, объективті бағалау беруге және мүдделер қақтығысы болған жағдайда редакцияға хабарлауға міндетті.
Conflict of Interest (Мүдделер қақтығысы)
Авторлар зерттеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін қаржылық, институционалдық немесе жеке мүдделер қақтығысы туралы ақпаратты міндетті түрде көрсетуі тиіс.
Мүдделер қақтығысы болмаған жағдайда мақалада келесі тұжырым көрсетіледі:
«Авторлар мүдделер қақтығысының жоқ екенін мәлімдейді».
Мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда редакторлар мен рецензенттер материалды қарауға қатыспайды.
Retraction және Correction саясаты
- Retraction (мақаланы кері қайтарып алу)
- Мақала келесі жағдайларда кері қайтарылуы мүмкін:
- плагиат анықталған жағдайда;
- деректердің қолдан жасалғаны немесе бұрмаланғаны дәлелденсе;
- қосарлы жариялау орын алса;
- ғылыми қорытындыларды жарамсыз ететін елеулі қателер анықталса;
- этикалық нормалар бұзылған жағдайда.
Мақаланы кері қайтару кезінде ресми хабарлама (Retraction Notice) жарияланады, ал мақала «Retracted» деп белгіленіп, архивтік нұсқасы сақталады.
- Correction (түзету)
Егер ғылыми қорытындыларға әсер етпейтін техникалық, редакциялық немесе болмашы ғылыми қателер анықталса, түзету туралы хабарлама (Correction / Erratum / Corrigendum) жарияланады.
Журнал редакциялық қызметін жариялау этикасының халықаралық стандарттарына және Committee on Publication Ethics (COPE) ұсынымдарына, сондай-ақ Scopus және Web of Science дерекқорларының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
