Түркістан облысының ауыл шаруашылық жерлерінің сапалық жағдайы және тиімді пайдалану мәселелері

Авторлар

  • А. Ж. Тажекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ
  • А. А. Токбергенова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml http://orcid.org/0000-0002-1934-5063
  • К. Б. Зулпыхаров Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml http://orcid.org/0000-0003-0222-4297

DOI:

10.26577/JGEM.2020.v59.i4.01

Кілт сөздер:

agricultural lands, Turkestan region, the qualitative state, landfund, meliorative lands.

Аңдатпа

Мақалада Түркістан  облысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің сапалық жағдайына сипаттама берілген. Статистикалық көрсеткіштер соңғы мәліметтерді пайдалана отырып талданды,  сол аралықта егістік алқаптары аудандарының өзгеру cерпіні көрсетіліп, жалпы ауыл шаруашылық жерлеріне кері әсер етуші факторлар анықталды. Облыстағы ауыл шаруашылық жерлерінің басты мәселесі жоғары деңгейде эрозияға ұшырауы болып табылады. Мақалада облыстың аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдаланудың басым бағыттары анықталған және оларды тиімді пайдалануды жетілдірудің мәселелері баяндалған. Ауыл шаруашылығы мен агроөндірістік кешеннің тұрақты дамуының негізгі үш құрылымы аталып, олардың ауыл шаруашылығын, соның ішінде жер ресурстарын ұтымды басқарудағы маңызы қарастырылған. Еуропалық одақтың ERA-NET бағдарламасы бойынша Еуропа елдерінің  ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығына арналған жерлерді дамытудың еуропалық нұсқасы үлгі ретінде алынып, Аустралия, Канада, Ресей сияқты дамыған мемлекеттердің тәжірибелері қарастырылған. Мақалада сонымен қатар Түркістан облысының суармалы жерлерінің қазіргі жағдайы мен олардың көлемін арттыру мәселелері, облыстың республика халқын азық-түлікпен қамтамасыз етудегі орны қарастырылған. Түркістан облысында ауыл шаруашылық жерлерінің, соның ішінде суармалы жерлерді тиімді пайдалану  бойынша ұсыныстар берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-01-14

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география