Жаңа экологиялық бағдарламаның ғылыми басымдықтары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//JGEM.2020.v56.i1.06

Кілт сөздер:

ғылыми басымдықтар, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму мақсаттары, экожүйелік қызметтер, экологиялық жоба, білім беру бағдарламасы

Аңдатпа

Мақалада ғалымдар мен университеттің профессорлары, сондай-ақ жұмыс берушілер тобы әзірлеген қоршаған ортаға арналған жаңа білім беру бағдарламасының ғылыми басымдықтары қарастырылады. Қоршаған орта туралы ғылым саласындағы зерттеулердің басымдықтары тұрақты дамудың 17 мақсатына негізделген, олар 2030 жылға дейінгі экология және қоғам саласындағы үдеріске қол жеткізу үшін даму болашақ көрінісі мен көрсеткіштерін айқындайды. Климаттың өзгеруі, энергетика, су және азық-түлік қауіпсіздігі, биоалуантүрлілікті сақтау және экожүйелерді қалпына келтіруге байланысты жаһандық қауіптер жаһандық қауымдастықтың халықаралық білім беру стандарттарының талаптарын қанағаттандыратын білікті мамандарды даярлау үшін жаңа шешімдерді және интеграцияны қажет етеді. Қазіргі заманғы экологиялық білім беру – қоршаған ортаны басқару және тұрақты даму мәселелерін ұлттық және әлемдік ауқымда кешенді түрде шешу үшін практикалық дағдылар мен құзыреттілікке бағытталған экологиялық зерттеулердегі іргелі және қолданбалы міндеттер саласындағы пәнаралық білім жүйесі. Ғылыми экологиялық басымдықтардың миссиясы мен міндеттері, сондай-ақ экологиялық бағдарламаны зерттеу нәтижелерімен өзара байланысын талқылайды. Жаңартылатын энергия көздері, энергетика және ресурс үнемдеу, ауыл шаруашылығында және өнеркәсіптегі экологиялық таза технологиялар саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер «Жасыл экономика», «Жасыл технологиялар», «Жаңартылатын энергия көздері» сияқты курстарды құру үшін негіз болды. Ғылыми басымдықтарды және экологиялық қызметтер саласындағы заманауи зерттеулердің жетістіктерін қолдануда Рединг және Кумбрия университеттерінің тәжірибесі (Ұлыбритания) оқу және зерттеу практикаларының бағдарламасын және жаңа пәндерді құрастыру барысында қолданылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-20

Журналдың саны

Бөлім

Геоэкология