Аумақтық жүйелердің күрделі және материалдық және энергетикалық алмасуы: бірлескен эволюцияның перспективалары мен жолдары

Авторлар

DOI:

10.26577/JGEM.2020.v54.i3.01

Кілт сөздер:

күрделілік, аумақтық жүйелер, материалдық және энергетикалық алмасу

Аңдатпа

Мақалада географиялық (аумақтық) жүйелер динамикасы үшін күрделілік теориясының ерекшеліктері әр түрлі иерархиялық деңгейдегі геожүйелер құрылымдары мен қатынастарының күрделілігі аралық әсері арқылы талданды. Аумақтардың табиғи және әлеуметтік ішкі жүйелері арасындағы желілік қатынастардың ерекшеліктері зерттелініп, табиғи-әлеуметтік геожүйелердің жүйелік құрушы факторлары ретінде материалдық және энергия ағындарының рөлі ерекше атап өтілді. Адам қоғамдастығының даму деңгейі мен табиғи материалдық және энергетикалық ресурстарды тұтыну арасындағы байланыс көрсетілген. Индустриалды кезеңде қарапайым, аграрлық және индустриалды қоғамдарда табиғи ресурстарды пайдалану деңгейін талдау табиғи жүйелер үшін маңызды ресурстарды тұтыну көрсеткішінің өскенін көрсетті. Мақалада дамыған және дамушы елдер арасындағы СО2 шығарындылары, материалдық және энергия тұтыну көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлінген. Халықтың өмір сүру деңгейі мен ресурстарды тұтыну арасындағы байланыс айқындалады, сонымен бірге ғаламдық геожүйеде Батыстың тұрақсыз рөлі қарастырылды. Жасыл экономика стратегиясын, өсуден кейінгі, әлеуметтік және экологиялық инновацияларды кешенді іске асыру негізінде геожүйелерді экологиялық қайта құру, олардағы табиғи және әлеуметтік құрылымдардың бірлескен эволюциясы стратегиясын әзірлеу кезінде негізделген әдістер мен тәсілдер ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-24

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география