ОҢТҮСТІК ОРАЛ ТАУЛЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БӨЛІГІНІҢ ТЕХНОГЕНЕЗ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЛАНДШАФТТЫ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ

Авторлар

DOI:

10.26577/

Кілт сөздер:

GIS, ландшафт тұрақтылығы, техногенез, Оңтүстік Орал, Қазақстан, геоэкология, картографиялау, экологиялық бағалау

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақалада Оңтүстік Орал таулы жүйесінің Қазақстандық бөлігіндегі аумағында ұзақ мерзімді және қарқынды техногендік әсер жағдайында қалыптасқан геожүйелердің ландшафттық-экологиялық тұрақтылығына кешенді картографиялық талдау жүргізілген. Зерттеменің өзектілігі аумақтың көпжылдық тау-кен өндіру және өңдеуші өнеркәсіптің дамуымен, сондай-ақ бұзылған жерлерді рекультивациялау мен экологиялық қалпына келтіру шараларының жеткіліксіз жүзеге асырылуымен байланысты антропогендік трансформациясының жоғары деңгейімен айқындалады.

Жүргізілген зерттеу барысында геожүйелердің тұрақтылық көрсеткіштерінің айқын кеңістіктік дифференциациясы айқындалды Салыстырмалы түрде жоғары тұрақтылыққа ие аймақтар негізінен топырақ-гидрологиялық жағдайлары қолайлы және техногендік жүктемесі төмен аумақтармен байланысты екені анықталды. Сонымен қатар зерттелетін өңірдің едәуір бөлігі табиғи ортаның техногендік трансформациясының жалпы аясын көрсететін, орташа және төмен тұрақтылық деңгейімен сипатталады. Өте төмен тұрақтылық аймақтары өнеркәсіптік тораптар мен пайдалы қазбаларды қарқынды игеру аудандары шегінде шоғырланған, мұнда топырақ жамылғысының құрылымы бұзылып, өсімдік жамылғысы деградацияға ұшыраған техногендік геожүйелер қалыптасқан.

Алынған нәтижелер техногенездің геожүйелер тұрақтылығының төмендеуіндегі негізгі фактор ретіндегі жетекші рөлін дәлелдейді және табиғатты пайдалануды басқаруда дифференцияланған тәсілді қолданудың қажеттілігін негіздейді. Зерттеудің практикалық маңызы әзірленген картографиялық модельдерді аумақты экологиялық аудандастыруда, қалпына келтіру шараларын жоспарлауда және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үдерістерінде пайдалануға мүмкіндік беруімен айқындалады.

Автор өмірбаяндары

  • А. Бекетова, L. N. Gumilyov Eurasian National University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    зерттеуші, PhD-студент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Ж. Берденов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, L. N. Gumilyov Eurasian National University

    PhD, қауымдыстырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Картография және геогинформатика