ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КАСПИЙ ТЕҢІЗІ СЕКТОРЫНДАҒЫ МҰНАЙ ТӨГІНДІЛЕРІН ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГТЕУ: НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТҮСІНДІРМЕСІ

Авторлар

DOI:

10.26577/JGEM801202610

Кілт сөздер:

Каспийское море, нефтяное загрязнение, космический мониторинг, методы глубокого обучения, математическое моделирование

Аңдатпа

Қазақстандық Каспий теңізі секторында мұнаймен ластануды ғарыштық мониторингтеудің кешенді әдістемесі әзірленді. Әдістеме Sentinel-1 радиолокациялық суреттерін автоматтандырылған өңдеуді, терең оқыту әдістерін және гидродинамикалық модельдеуді біріктіреді. Негізгі мақсат – мұнай дақтарын сенімді анықтау, оларды табиғи «look-alike» құбылыстарынан ажырату және теңіз акваториясында таралуын болжау. Осы әдістеме арқылы 2023 жылғы тамыздан 2025 жылғы тамызға дейінгі кезеңде 2326 спутниктік көрініс өңделді. Семантикалық сегментация Каспий теңізінің радиолокациялық кескіндерінің арнайы деректер жиынтығында оқытылған Mask2Former трансформерлік архитектурасы негізінде орындалды. Ластанулардың динамикасын болжау үшін GFS метеорологиялық деректері мен GEBCO негізінде жасалған батиметрияны ескере отырып, MIKE 21 Oil Spill моделі қолданылды. Қарқынды кеме қатынасы және порт инфрақұрылымы аймақтарында жалпы ауданы шамамен 269 км² болатын 52 мұнай дағы анықталды. 16.08.2025 ж. тіркелген ірі мұнай дағын Sentinel-1A және Sentinel-2 спутниктік деректерін, сондай-ақ гидродинамикалық модельдеуді пайдалана отырып жүргізілген егжей-тегжейлі талдау оның сипаттамалары шикі мұнайдың апаттық төгілуіне емес, мұнайқұрамды (льяльды) сулардың төгілуіне сәйкес келетінін көрсетті. Әзірленген әдістеме ластануларды анықтаудан олардың мінез-құлқын ғылыми негізделген болжауға көшуге мүмкіндік береді. Әдістемені одан әрі дамыту автоматты сәйкестендіру жүйесінің деректерін интеграциялау арқылы құқық бұзушы кемелерді анықтау және жедел экологиялық бақылау жүйесін құрумен байланысты.

Автор өмірбаяндары

  • Л.А. Балакай, Institute of Ionosphere, Ionosphere Institute

    кандидат технических наук, ведущий научный сотрудник, ТОО «Институт ионосферы»

  • Т.В. Дедова, Institute of Ionosphere, Ionosphere Institute

    кандидат технических наук, заведующая лабораторией , ТОО «Институт ионосферы»

  • Н.З. Баширова , Institute of Ionosphere, Ionosphere Institute

    старший научный сотрудник, ТОО «Институт ионосферы»

  • A.A. Мерекеев, Institute of Ionosphere, Ionosphere Institute

    (автор для корреспонденции) - PhD докторант, старший научный сотрудник, ТОО «Институт ионосферы»

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Картография және геогинформатика