ЭКОТУРИЗМ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ІЛГЕРІЛЕТУГЕ АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
DOI:
10.26577/Кілт сөздер:
Экотуризм, экологиялық тұрақтылық, жоғары білім, тәжірибелік оқыту, студенттерАңдатпа
Бұл зерттеу жоғары оқу орындары студенттері арасында экологиялық тұрақтылықты ілгерілетуде экотуризмнің білім беру құралы ретіндегі рөлін анықтауға бағытталған. Жұмыс тұрақты даму, экобілім және тәжірибелік оқыту теорияларына сүйене отырып, экотуризмнің тәжірибелік және эмоционалды тәрбиелеу әлеуетін зерттейді. Зерттеу әдіснамасы ретінде аралас әдіс қолданылды: Экологиялық Тұрақтылық Өлшемдер Жиынтығы (ЕТӨЖ) бойынша сауалнама (N=100) және жартылай құрылымдалған сұхбаттар арқылы студенттердің экологиялық білім, құндылықтар және мінез-құлық көрсеткіштері лонгитюдтік түрде (T1-T4) бағаланды. Зерттеу жұмысының негізгі әдіснамасы ретінде сандық талдау – Repeated Measures ANOVA және tтесті, Регрессиялық талдау және Құрылымдық Теңдеу Моделі (SEM) –қолданылды. Сонымен бір уақытта, сапалы талдау тақырыптық талдау әдісімен жүргізілді. Нәтижелерден байқағанымыздай, экотуристік бағдарламалардың төрт семестр бойына студенттердің экологиялық білім (p < 0.01) және экологиялық құндылықтар (p < 0.001) деңгейлерінде айтарлықтай және тұрақты өсімге әкелетінін көрсетті. Бұл өзгерістер тәжірибелік оқыту теориясының принциптерімен сәйкес келеді. Нәтижелер тағы да барлық өлшемдер бойынша статистикалық мәнді оң өзгерістерді көрсетті, атап айтқанда тұрақты мінез-құлыққа экологиялық құндылықтардың (β = 0.47) білімге қарағанда (β = 0.31) күштірек әсер ететіні анықталды. Сонымен қатар, география факультеті студенттерінің нәтижелері экономика факультеті студенттеріне қарағанда жоғары болды, бұл білім беру контексті мен институционалдық қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Сапалық талдау «тұрақты көзқарас өзгерісі» мен «контекстік кедергілер» сияқты негізгі тақырыптарды анықтады. Зерттеу экотуризмнің жоғары білім беруде экологиялық сананы нығайту үшін тиімді білім беру стратегиясы екенін дәлелдейді. Жұмыстың қорытындысы бойынша, экотуризмді оқу бағдарламаларына сәтті біріктіру үшін факультетаралық бағдарламаларды әзірлеу, тұрақтылыққа бағытталған инфрақұрылымды жасау және жергілікті қауымдастықтармен сервистік оқыту жобаларын енгізу ұсынылады.
