Жайық-Каспий су шаруашылығы алабының аумағындағы жылымықтың климаттық сипаттамалары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v75.i4.7

Кілт сөздер:

климаттың өзгеруі, ауа температурасы, жылымық, сушаруашылық алабы

Аңдатпа

Каспий-Жайық су шаруашылығы алабында орналасқан 47 метеорологиялық станция бойынша  аспаптық бақылаулар басталғаннан 2022 жылға дейінгі орташа тәуліктік, максималды және минималды ауа температурасының тәуліктік климаттық қатары таңдап алынды. Ауа температурасының таралуының негізгі жыл ішіндегі өзгерістері қарастырылып, ауаның орташа тәуліктік температурасының 0°С арқылы тұрақты ауысу күндері, зерттеу аумағында тұрақты аязды кезеңнің басталуы мен аяқталуының орташа көпжылдық күндері анықталды. Тұрақты аязды кезеңнің ұзақтығын (күндер саны) және екі кезеңдегі әр түрлі уақыттық градациялардағы жылымық жағдайларының санына екі кезеңге (аспаптық бақылаулар басталғаннан бастап 1973 жылға дейін және қазіргі кезең 1974 жылдан бастап 2022 жылға дейін) салыстырмалы бағалау жүргізілді. Зерттелетін аймақтың метеорологиялық станцияларының көпшілігінде қысқа мерзімді, яғни олардың ұзақтығы 5 күнге дейін созылатын жылымықтар азайған. Керісінше, 10, 20 және 30 күнге дейін созылатын жылымық күндер саны айтарлықтай өскен, яғни 2-ден 6 есеге дейін. Жалпы алғанда соңғы жылдары жылымықтың жиілігі артқан, әсіресе қараша, ақпан және наурыз айларында анық байқалған.

Автор өмірбаяндары

  • Л.К. Махмудова , География және су қауіпсіздігі институты

    г.ғ.к., қауымдастырылған профессор, География және су қауіпсіздігі институтының жетекші ғылыми қызметкері

  • Э.К. Талипова, География және су қауіпсіздігі институты

    (хат-хабарларға арналған автор) – PhD, География және су қауіпсіздігі институтының аға ғылыми қызметкер

  • А.Б. Мырзахметов, География және су қауіпсіздігі институты

    PhD, География және су қауіпсіздігі институтының аға ғылыми қызметкері

  • Л.М. Биримбаева, География және су қауіпсіздігі институты

    Метеорология және гидрология кафедрасының докторанты, География және су қауіпсіздігі институтының ғылыми қызметкері

  • А.А. Тұрсынбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Метеорология және гидрология кафедрасының магистранты

  • Ә.Ш. Әліпбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Метеорология және гидрология кафедрасының магистранты

Жүктеулер

Жарияланды

2025-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Метеорология және гидрология